АСТАНА. 28 маусым. Оңтүстік Кореяда MERS коронавирусын жұқтырған тағы бір адам көз жұмды. Осылайша қауіпті вирус құрбандарының саны 32-ге жетіп отыр. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.
Қазіргі таңда бұл елде қауіпті вирусты жұқтырғандар саны 182-ге жеткен. Бүгінге дейін дертке шалдыққан 91 адам ауруханадан емделіп шыққанымен, 2 жарым мыңға жуық адам әлі карантинде ұсталып отыр. Әлі күнге дейін вирусқа қарсы ешқандай вакцина табылмаған.
«Ренхап» жергілікті ақпарат агентігінің хабарлауынша, соңғы тәулікке дейін вирус жұқтырғандар туралы жаңа мәлімет түспеген.
Бір айта кетерлігі, дүние жүзін дүрліктірген қауіпті індетті жұқтыруға иммундық жүйесі әлсіздер, созылмалы өкпе дертіне шалдыққандар, диабетпен және бүйрек ауруымен ауыратындар бейім келеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне қарағанда, 20 маусымға дейін MERS вирусын жұқтырғандар саны әлем бойынша 1 334-ке жеткен. Ал аурудан 471 адам көз жұмған. Салдарынан коронавирус құрбандарының көрсеткіші 40 пайызға жетсе, Оңтүстік Кореяда қаралы тізім 17 пайызға жақындаған.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: РИА «Новости».

Испания мен Кабо-Верде кездесуінде гол соғылмады
Спорт • Кеше
ҰБТ кезінде 470-тен астам ереже бұзушылық анықталды
Қоғам • Кеше
Трамп Ормуз бұғазының ашылғанын мәлімдеді
Әлем • Кеше
Қалада тұрса да, ауылын ұмытпаған кәсіпкер
Қоғам • Кеше
Үкімет цифрлық теңгені кең ауқымда енгізу жоспарын бекітті
Экономика • Кеше
Елордада есірткіге қарсы күрес жаңа форматта насихатталды
Заң мен Тәртіп • Кеше
ҰБТ-да ереже бұзған 176 түлектің нәтижелері жойылды
Білім • Кеше