28 Наурыз, 2015

Басшы қызметінен алына ма?

264 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Халықтың арыз-шағымына, жағдайына атүсті қарайтын басшы атқаратын қызметіне лайықты ма? Осы сауал Атырау облыстық тәртіптік кеңес мүшелерін біраз толғандырған сыңайлы. Нақты дерекке сүйенер болсақ, Жылыой аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Б.Сатиевке тұрғындардан жер телімін сұраған 63 арыз түскенімен, оларға ол уақтылы жауап бермей қойған. Ол өзінің бұл әрекетін жаңа алаңдардың дайын еместігімен, тиісті құжаттардың толық болмауы­мен түсіндіруге тырысып бақты. Алайда, қарауындағы қызметкерлер оның жауабына кереғар себептерді алға тартты. Сондықтан үш айдай бұрын аталған лауазымға тағайындалған шенеуніктің бұл әрекетіне тәртіптік кеңес мүшелері бейжай қарай алмады. Өйткені, ол мемлекеттік қызмет­шілердің Ар-намыс кодексінің талаптары мен жеке және заңды тұлғалардың арыз-өтініштерін қараудың тәртібін бұзып, сыбайлас жем­қорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылық жасап отыр. Осыған байланысты Жылыой аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Б.Сатиевке «лауазымын төмендету» түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұйғарылды. Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан». Атырау облысы.