Әлем • Кеше

Лауазымын асыра пайдаланған: Испания премьер-министрінің ағасы сот алдында жауап береді

1 мин
оқу үшін

Испанияда премьер-министр Педро Санчестің бауыры Давид Санческе қатысты резонансты сот процесі басталды. Ол қызметке заңсыз орналасу және жоғары лауазымды байланыстарын пайдаланды деп айыпталып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Лауазымын асыра пайдаланған: Испания премьер-министрінің ағасы сот алдында жауап береді

Фото: Pixabay.com

DW басылымының хабарлауынша, іс бойынша жалпы саны 10 адам айыпталушы ретінде танылған. Олардың қатарында 52 жастағы Давид Санчеспен бірге биліктегі Испания социалистік жұмысшы партиясының өңірлік өкілдері мен жергілікті әкімдік қызметкерлері бар. Тергеу мәліметіне сәйкес, олар премьер-министрдің бауырын 2016 жылы қызметке орналастыруға көмектесіп, кейін оның жұмысқа тұрақты келмеуіне көз жұма қараған.

Айыпталушылардың барлығына 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы төніп тұр.

Тергеу дерегінше, жұмыссыз жүрген Давид Санчес Бадахос қаласындағы екі консерваторияға куратор болып тағайындалып, 8 жылға жуық уақыт жұмыс істеген.

Алайда осы кезең ішінде Давид Санчес тұрақты түрде жалақы алып отырғанымен, көбіне Испания аумағынан тыс жерде жүрген. Оның адвокаттары айыпталушының шығармашылық адам екенін айтып, жиі орын ауыстыру оған қажет болғанын алға тартты.

Испания премьер-министрі Палестина туымен шыққан «Барселона» ойыншысын қолдады

Сонымен қатар премьер-министрдің жұбайы Бегонья Гомеске қатысты да қаржылық заңбұзушылық бойынша айып тағылған. Ол Мадрид университетіндегі кафедра жетекшісі қызметін атқарған кезде заң талаптарын бұзды деген күдікке ілінген. Тергеу мәліметіне сәйкес, оның ғылыми дәрежесі де, жоғары білімі де болмаған. Бұл іс бойынша сот тыңдауы 9 маусымда өтеді.

Соңғы жаңалықтар