Оқиға • Бүгін, 15:20

Астанада «Палау орталығынан» өрт шықты

1 мин
оқу үшін

Астананың Сарыарқа ауданында орналасқан «Палау орталығында» өрт болды. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт Бейсекова көшесіндегі сауда үйі аумағындағы жеке тұрған ғимараттан шыққан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Астанада «Палау орталығынан» өрт шықты

видеодан скриншот

Оқиға кезінде асхана бөлмелері мен шатыр өртенген. Оқиға орнына келген құтқарушылар өртті 12 минут ішінде оқшаулап, 40 шаршы метр аумақта толық сөндірді.

Зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Еске салайық, биыл ақпанда Щучинскіде тұрғын үйге жапсарлас орналасқан «Палау орталығында» газ жарылып, артынша ірі өрт болған еді. Қайғылы оқиғадан 12 адам қаза тапты.

Осы оқиғадан кейін кафе иесі екі айға тергеу изоляторына қамалды. Кейін іс бойынша газ құю бекетінің директоры мен газ баллондарын жеткізуші де ұсталған.

Соңғы жаңалықтар