Фото: istockphoto.com
Қаражат балаларға туған сәтінен бастап автоматты түрде ашылатын жеке шоттарға аударылады және ол үшін қосымша өтініш беру талап етілмейді.
Бұл қадам Қазақстан үшін ерекше бастама, себебі әлемде табиғи ресурстардан түскен табысты тікелей әр баланың жеке жинағына бағыттайтын елдер өте аз.
Бағдарлама бүгінде елдегі балалардың басым бөлігін қамтып отыр. Бірінші жылы әр балаға 100,52 АҚШ доллары есептелсе, 2026 жылы бұл сома 130,71 АҚШ долларына дейін өсті. Қазіргі таңда қатысушылар саны шамамен 6,9 миллион баланы құрайды.
Бағдарлама іске қосылған сәттен бастап қатысып келе жатқан балалардың жинақтары инвестициялық табысты есептегенде 370 доллар 56 центке жетті. Бұл тетік бір реттік қолдау емес, керісінше болашақ ұрпақтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған ұзақ мерзімді тұрақты құрал екенін көрсетеді.
Еске сала кетейік, былтыр жыл соңында Ұлттық қор балаларға 888 млн доллар аударған болатын.