Президент • Бүгін, 13:09

Қасым-Жомарт Тоқаев: Бұл әр жетістікке мәз болып, жайбарақат отыратын заман емес

1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы халқымыздың ауызбіршілігін нығайту басты мақсатымыз болып қала беретініне тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Бұл әр жетістікке мәз болып, жайбарақат отыратын заман емес

Фото: Ақорда

Президенттің айтуынша қазір бұл әр жетістікке мәз болып, жайбарақат отыратын заман емес.

«Біз биік мақсаттарға ұмтылып, тек қана алға – жарқын болашаққа қарай жүруіміз керек. Келешекке зор сеніммен қарап, Қазақстанды шын мәнінде өркениетті мемлекетке айналдыруымыз қажет. Қазір біз бір ел болып жасампаздық жолына түстік: қоғамымызда жаңа идеялар, жаңа тұлғалар, отаншыл азаматтардың жаңа буыны пайда болуда.

Мен Мемлекет басшысы ретінде осындай игі үрдісті қолдаймын. Мұны ел ішінде жасалып жатқан реформалардың айқын көрінісі деп санаймын. Халқымыздың ауызбіршілігін нығайту басты мақсатымыз болып қала береді. Бұл – елдің табысты дамуының бірден-бір шарты, тиімді әрі ұзақмерзімді факторы.

Реформалардың бастапқы кезеңінде еліміздегі көзі ашық және прогрессивті қоғамдық-саяси күштер жалпыұлттық құндылықтар мен мақсаттар аясында бірігуі қажет деп санаймын. Сонда ғана Әділетті Қазақстанды құру, мемлекеттілігімізді нығайту ісінде табысқа жете аламыз», деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Мемлекетіміздің әр нышаны халқымыздың болмыс-бітімінің көрінісі

Еске салайық, бүгін Президент «Атамекен» этномемориалды кешенінде Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты. Мемлекет басшысы Таяу арада Үкімет мемлекеттік рәміздерді орынды пайдалану мәселесі бойынша қаулыға қажетті түзетулерді енгізетінін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар