01 Наурыз, 2015

Немцовты өлтіруші киллердің ауызша портреті жасалды

278 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

28-02-15-nemcov-5

АСТАНА. 1 наурыз. Мәскеуде полицейлер белгілі саясаткер Борис Немцовты өлтіруші киллердің сөзбен жасалған портретін куәлардың айтулары бойынша жасап шықты. Бұл туралы «Правда.Ру» хабарлады. Сол күні түнде Немцовтың жанында болған 23 жасар украин қызы, модель Анна Дурицкая мен куәгер Виктор М. тергеуге түсіндірме берді. Осыдан кейін полицейлер оппозиционерді атып өлтірушінің сыртқы келбетін суреттеп көрді. «Олар кісі өлтірушінің кескін-келбетін суреттеп берді», - деп хабарлайды LifeNews. Киллердің бойы 170-175 сантиметр келеді, денесі әдеттегідей, шашы қара, қысқартылып алынған. Үстінде көк түсті джинсы шалбары мен қоңыр түсті свитері болған. Кісі өлтірушіні куәгер Виктор М. есте сақтап қалыпты. Ол Борис Немцовты құтқаруға бірден ұмтылған. Ал Анна Дурицкая есінен танып қалғасын, ойына ештеңе сақтап қала алмағанын айтқан. Тергеу қазір осыған орай Борис Немцовты өлтірушілердің кең ауқымды версияларын қарастырып жатыр. РФ тергеу комитетінің ресми өкілі Владимир Маркин қылмыскерлерді мұндай қадамға баруға итермелеген бес түрлі болжамның бар екенін айтады. Тергеушілер бейнебақылау камерасының жазбаларын мұқият зерттеу үстінде. Ақпанның 27-сі, жұма күні түнде Мәскеудің орталығында Ресей саясаткері Борис Немцов Кремльге таяу маңда қыдырып жүргенінде атып өлтірілді. 55 жастағы оппозиционерге атылған оқтардың төртеуі оның денесіне тиген. Оның жанында келе жатқан қыз зардап шекпеген. Оқиға түнгі 23:40 шамасында болған. Қазір осы оқиғаға байланысты тексеру жүріп жатыр. Мұрат Айтқожа.