Фото: Qazsporttv
Футболшы испаниялық клубқа еркін агент ретінде ауысады. Келісімшарт 2030 жылдың маусым айының 30-ына дейін жасалған. Алайда ресми хабарлама 7 маусымда өтетін президент сайлауынан кейін жарияланады.
Бұған дейін 27 жастағы қорғаушы «Ливерпульде» ойнаған. Өткен маусымда ол 51 матчқа қатысып, 2 гол соққан.
Еске салайық, бұған дейін Давид Алабаның «Реал» клубымен қоштасқанын жазған едік.
Футболдан әлем чемпионаты-2026: Ойындардың толық кестесі мен уақыты белгілі болды