АСТАНА. 1 наурыз. «Астана» футбол командасы еліміздің суперкубогы үшін өткен тартыста алматылық «Қайраттан» басым түсті. Ойын соңындағы пенальти арқылы 3:2 есебімен жеңіске жеткен елордалықтар осылайша жаңа маусымдағы алғашқы жүлделеріне қол жеткізді. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Ойынға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев арнайы келіп, футболды қалың жанкүйермен бірге тамашалады. «Астана Аренада» өткен кездесу алматылықтардың өткір шабуылымен басталды. Небәрі 5-минутта Ненад Эрич қорғаған қақпаға оқша атылған Жерар Гоуды «Астананың» қорғаушылары дер кезінде тоқтатты. Артынша Бауыржан Исламхан қауіпті айып соққысын орындап, қарсыластарының жүйкесіне тағы бір мәрте ши жүгіртті. Дегенмен, уақыт өте келе алаңға бой үйреткен астаналықтар ойын өрнегін өзгертіп, қатарынан бірнеше шабуыл ұйымдастырды.
Қос тарап та қанша шабуылдағанымен негізгі 90 минутта есеп ашылмады. Сондай-ақ, жанкүйерлер 15 минуттан тұратын қосымша екі кезеңде де гол көре алмады. Нәтижесінде, жеңімпаз ойын соңындағы пенальти арқылы анықталып, «Астананың» мерейі үстем болды. Бұл сында қақпашылардың шеберліктеріне оң баға берген жөн. Себебі, «Астананың» қақпашысы Ненад Эрич үш бірдей пенальтиді қайтарса, қарсы командадағы әріптесі Владимир Плотников бір мәрте шеберлігімен көзге түсті.
Айта кетер жайт, ойынға швециялық қазы Йонас Эрикссон төрелік етті. Бразилияда өткен соңғы әлем чемпионатында қазылық жасаған маман Астанадағы ойында өте жоғары деңгейде қызмет көрсетті. Оны 120 минуттан тұрған теке-тіресте небәрі екі сары қағаздың тіркелгенінен байқауға болады. Екеуі де астаналық футболшылардың еншісіне жазылды. Нақты айтсақ, Марин Аничич (87-минут) пен Ұлан Қонысбаев (111-минут) ескерту алды.
Сайыс соңында жеңімпаз команданың капитаны Таңат Нөсербаевқа Елбасы суперкубокты табыс етті. Дегенмен, Таңат ойынға қатыспағанын айта кетейік. Оның орнына команданы алаңға Абзал Бейсебеков бастап шықты.
Осылайша қазақ футболының кезекті маусымы шымылдық түрді. Енді 7 наурыз күні футболдан Қазақстан премьер-лигасының алғашқы туры өтеді.
Қазақстан суперкубогы 1995 жылдан бері ойнатылып келеді. Бір ғана ойыннан тұратын сайыстың алғашқы жеңімпаздары семейлік «Елім-ай» командасы. Маусымашар ойын саналатын тартысқа ел чемпионы мен Қазақстан кубогының иегері қатысатыны белгілі. Өткен маусымда «Астана» премьер-лигада топ жарса, «Қайрат» кубок жолындағы жарыста жеңімпаз атанды. Суперкубок сайысында ең көп жеңіске жеткен «Ақтөбе» командасы (2008, 2010, 2014 жж.). Ал «Астана» осымен екінші рет жеңіс тойын тойлауда. Осыған дейін елордалық команда 2011 жылғы маусымды жеңіспен бастаған болатын.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: kff.kz.
• 01 Наурыз, 2015
«Астана» суперкубок үшін ойында «Қайратты» жеңді

Ет қымбаттады: Еуропа, Азия және Таяу Шығыста бізден арзан
Қоғам • Бүгін, 18:35
Жалпыұлттық коалиция белсенділері үгіт-насихат жұмыстарын бастады
Ата заң • Бүгін, 18:25
Жалпыұлттық коалиция: Ақмола облысында кездесулер өткізді
Ата заң • Бүгін, 18:13
Антарктика суларында алғаш рет акула табылды
Әлем • Бүгін, 18:04
Дональд Трамптың резиденциясына жасырын кірмек болған адамға оқ атылды
Әлем • Бүгін, 17:58
Қазақстанда жүргізушісіз такси қызметі пайда болуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 17:57
Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиададағы жолы: Жылдар мен нәтижелер
Қысқы спорт • Бүгін, 17:56
Nomad Academy шәкірттері ел біріншілігінде топ жарды
Теннис • Бүгін, 17:49
Ақсу жастары облыс әкімімен жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:48
Дастан Сәтпаев алдағы маусымда жаңа нөмірмен алаңға шығады
Футбол • Бүгін, 17:39
Отандық құрылыс материалдары өндірісі саласын қандай тәуекел күтіп тұр?
Экономика • Бүгін, 17:31
2025 жылы ел экономикасы қалай дамыды?
Экономика • Бүгін, 17:25
Мемлекет басшысы Грузия Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Президент • Бүгін, 17:14
Ақтауда «МузАРТ» тобының қатысуымен жаңа Конституцияны қолдауға арналған форум өтті
Ата заң • Бүгін, 17:11
Ұлытау облысында Ұлттық банк филиалының жаңа ғимараты ашылды
Аймақтар • Бүгін, 17:10