АСТАНА. 1 наурыз. «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф кезеңінде омбылық «Авангардты» 2:0 есебімен жеңіп, қос команда арасындағы жалпы есепті 1:1-жеткізді. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Алғашқы кездесудегі жеңілістен сабақ шығара білген астаналықтар бұл жолы жүйелі ойын өрнегін көрсетті. Есесіне, айдын иелерінің жүйкесі сыр беріп, тартыстың небәрі үшінші минутында бір ойыншылары кіші айыппен жазаланды. Тіпті «Авангард» сапындағы неміс хоккейшісі Феликс Шютц имек таяғымен қарсыласын ұрғаны үшін 4-минутта ойын соңына дейін айдыннан қуылды. Нәтижесінде, ойыншы басымдығын ұтымды пайдаланған қонақтар есеп ашты. Алғашқы шайбаның авторы Дмитрий Уппер.
Үзіліске дейін біздің команда екінші шайбаны соғып, есепті еселеді. 15-минутта Талғат Жайлауов ұйымдастырған шабуылға нәтижелі нүкте қойған Федор Полищук болатын.
Ойынның қалған екі кезеңінде есеп өзгермей, «Барыс» маңызды жеңіске қол жеткізді. Астаналықтардың қақпашысы Ян Лацо 60 минуттың ішінде 37 соққыны қайтарып, қақпасын голдан аман сақтап қалды. Өз кезегінде, «Барыс» хоккейшілері қарсыластарының қақпасына барлығы 16 соққы жасағанын айта кетейік.
Енді елордалық команда омбылықтарды 3-4 наурызда өз айдынында қабылдайды. «Астанадағы екі кездесуде қандай нәтиже тіркелсе де қос команда арасындағы тартыстың бесінші ойыны өтетін болды. Себебі, плей-офф кезеңінің келесі сатысына төрт рет жеңіске жеткен команда шығатыны белгілі. Сондықтан бұл кезеңде қарсыластар кем дегенде төрт, ең көбі жеті ойын өткізуге мәжбүр.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: hawk.ru
• 01 Наурыз, 2015
«Барыс» екінші ойында «Авангардтан» есе қайтарды

Ет қымбаттады: Еуропа, Азия және Таяу Шығыста бізден арзан
Қоғам • Бүгін, 18:35
Жалпыұлттық коалиция белсенділері үгіт-насихат жұмыстарын бастады
Ата заң • Бүгін, 18:25
Жалпыұлттық коалиция: Ақмола облысында кездесулер өткізді
Ата заң • Бүгін, 18:13
Антарктика суларында алғаш рет акула табылды
Әлем • Бүгін, 18:04
Дональд Трамптың резиденциясына жасырын кірмек болған адамға оқ атылды
Әлем • Бүгін, 17:58
Қазақстанда жүргізушісіз такси қызметі пайда болуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 17:57
Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиададағы жолы: Жылдар мен нәтижелер
Қысқы спорт • Бүгін, 17:56
Nomad Academy шәкірттері ел біріншілігінде топ жарды
Теннис • Бүгін, 17:49
Ақсу жастары облыс әкімімен жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:48
Дастан Сәтпаев алдағы маусымда жаңа нөмірмен алаңға шығады
Футбол • Бүгін, 17:39
Отандық құрылыс материалдары өндірісі саласын қандай тәуекел күтіп тұр?
Экономика • Бүгін, 17:31
2025 жылы ел экономикасы қалай дамыды?
Экономика • Бүгін, 17:25
Мемлекет басшысы Грузия Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Президент • Бүгін, 17:14
Ақтауда «МузАРТ» тобының қатысуымен жаңа Конституцияны қолдауға арналған форум өтті
Ата заң • Бүгін, 17:11
Ұлытау облысында Ұлттық банк филиалының жаңа ғимараты ашылды
Аймақтар • Бүгін, 17:10