АСТАНА. 1 наурыз. Астана қаласындағы «Алау» мұз айдынында конькимен жарыстан әлем чемпионаты аяқталды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Екі күнге созылған чемпионат барысында спортшылар спринтерлік көпсайыс бойынша сынға түсті. Астана төріндегі айдында 16 мемлекеттен келген 64 спортшы бақ сынады. Барлық қатысушылар екі күнде де 500 және 1000 метрге жарысты. Соның қорытындысы бойынша әлем чемпиондары анықталды.
Өз жерімізде өткен әлемдік додада ел намысын төрт спортшымыз қорғады. Олар Екатерина Айдова, Денис Кузин, Роман Креч және Александр Жигин. Сондай-ақ, Астанадағы әлем чемпионатында Шани Дэвис, Мишель Мюлдер, Кун Вервей сынды әлемге танымал конькишілер де айдынға шықты.
Өкінішке қарай, жарыс барысында отандық спортшылар жүлдеге іліге алмады. Ең жоғары көрсеткіш Катяның еншісінде. Ол жалпы есепте 4-орынға табан тіреді. Ал ерлер арасындағы бәсекеде Денис Кузин 11-орыннан көрінсе, Роман Креч 14-сатыға жайғасты. Александр Жигин 32 спортшының арасынан 30-орынды ғана қанағат тұтты.
Әлемдік доданың қорытындысы бойынша қыздар бәсекесінде Бритни Боу (АҚШ) чемпион атанды. Оның отандасы Хизер Ричардсон күміс жүлдеге ие болса, чехиялық Каролина Эрбанова үздік үштікті түйіндеді.
Ал ерлер арасындағы тартыста ресейлік Павел Кулижников топ жарды. Екінші орынға Нидерланды сенім артқан Хейн Оттерспер табан тіреді. Қола жүлде тағы бір ресейлік спортшы Алексей Есиннің қанжығасында кетті.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: astana.gov.kz.

Ет қымбаттады: Еуропа, Азия және Таяу Шығыста бізден арзан
Қоғам • Бүгін, 18:35
Жалпыұлттық коалиция белсенділері үгіт-насихат жұмыстарын бастады
Ата заң • Бүгін, 18:25
Жалпыұлттық коалиция: Ақмола облысында кездесулер өткізді
Ата заң • Бүгін, 18:13
Антарктика суларында алғаш рет акула табылды
Әлем • Бүгін, 18:04
Дональд Трамптың резиденциясына жасырын кірмек болған адамға оқ атылды
Әлем • Бүгін, 17:58
Қазақстанда жүргізушісіз такси қызметі пайда болуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 17:57
Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиададағы жолы: Жылдар мен нәтижелер
Қысқы спорт • Бүгін, 17:56
Nomad Academy шәкірттері ел біріншілігінде топ жарды
Теннис • Бүгін, 17:49
Ақсу жастары облыс әкімімен жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:48
Дастан Сәтпаев алдағы маусымда жаңа нөмірмен алаңға шығады
Футбол • Бүгін, 17:39
Отандық құрылыс материалдары өндірісі саласын қандай тәуекел күтіп тұр?
Экономика • Бүгін, 17:31
2025 жылы ел экономикасы қалай дамыды?
Экономика • Бүгін, 17:25
Мемлекет басшысы Грузия Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Президент • Бүгін, 17:14
Ақтауда «МузАРТ» тобының қатысуымен жаңа Конституцияны қолдауға арналған форум өтті
Ата заң • Бүгін, 17:11
Ұлытау облысында Ұлттық банк филиалының жаңа ғимараты ашылды
Аймақтар • Бүгін, 17:10