ПЕТРОПАВЛ. 15 мамыр. Мамлют ауданының орталығындағы Жеңіс саябағы Батырлар саяжолымен толықты. Бұл туралы аудандық әкімдіктің мамандары хабарлады.
Жергілікті қазынадан бөлінген қаражатқа орталық саябаққа күрделі жаңғырту жұмыстары жүргізіліп, айшықты Батырлар саяжолы бой көтерді. Ондағы мәрмәр тастарға мамлюттік Кеңес Одағының Батырлары мен Социалистік Еңбек Ерлерінің, Ұлы Отан соғысына қатысушылардың – барлығы 8023 адамның есімдері қашап жазылды.
Аталмыш шараға соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлері, қала жұртшылығы, жастар қатысып, аудан әкімі Ерболат Бекшенов құттықтау сөз сөйледі. Қан майданнан оралмаған боздақтарді еске алып, ескерткішке гүл шоқтары қойылды. Аспанға 70 шар ұшырылып, майдан әндері шырқалды.
Өмір Есқали.
Дерек, сурет: Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімдігі.