Алматы қаласынан «Қазақстан халқы Ассамблеясы – 20 игі іс» патриоттық акциясының символы болған киелі Тайқазан салтанатты түрде Жамбыл облысына жол тартты.
Елімізді мекен еткен бірнеше ұлт пен ұлыс өкілдерінің татулығы мен тұрақтылығының символы, қазақ халқының әлемдегі бейбіт те берекелі өмірге қосқан үлесінің тұмары іспетті қасиетті Тайқазанның кішірейтілген нұсқасы Қазақстанның ірі қалалары мен облыс орталықтарына аялдап, игілікті істерді насихаттап жүр. Сол игі акцияның аясында «Қазақстан халқы Ассамблеясы – 20 игі іс» атты республикалық патриоттық шеру Алматы қаласынан қасиетті Әулиеата жеріне жол тартты.
Алматыдағы Достық үйінде өткен шараға қаладағы түрлі этномәдени бірлестіктердің өкілдері, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, мемлекеттік емес қоғамдық ұйымдардың белсенділері мен жоғары оқу орындарының жастары жиналды. Татулық пен достықтың киелі шаңырағына айналған Достық үйінде Қазақстанды мекен еткен әр ұлт өкілдерінің мәдени-шығармашылық көрмелері қойылып, ұлттар достығын насихаттайтын театрландырылған шаралар ұйымдастырылды.
– Ақпан айының соңында біз өзіміздің шығысқазақстандық әріптестерімізден Тайқазанды салтанатты түрде қабылдап алған болатынбыз. Және осы Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылған күн – 1 наурызда, Ассамблеяның алғашқы сессиясы өткен қала – Алматының атқарған игі істерін Жамбыл облысына табыстап отырмыз, – деді Алматы қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Майра Абдалиева.
Шарада қалада орналасқан 34 этномәдени бірлестіктің өнерпаздары дайындаған концерттік кеш пен Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арнайы жасалған тарту-таралғылар, әлеуметтік аз қамтылған отбасы мүшелеріне жасалған жәрдем мен жастар ұйымының Қазақстан халқы Ассамблеясы тарапынан халыққа көрсетіліп отырған қызметін баяндайтын сахналық көріністер, ұлттық ән-би мен қолөнер шеберлерінің бұйымдары ұсынылды.
Қанат ЕСКЕНДІР,
«Егемен Қазақстан».
АЛМАТЫ.
Суретті түсірген
Сәрсенбек ҚЫЗАЙБЕКҰЛЫ.

Шет ауданында жол қозғалысы шектеліп, 45 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 19:37
Қарағанды облысында 800-ден астам көлік қар құрсауында қалып қойды
Аймақтар • Бүгін, 19:25
Студенттерді еден жууға мәжбүрлеген: Түркістанда жатақхана қызметкерлері сөгіс алды
Оқиға • Бүгін, 18:55
Ет қымбаттады: Еуропа, Азия және Таяу Шығыста бізден арзан
Қоғам • Бүгін, 18:35
Жалпыұлттық коалиция белсенділері үгіт-насихат жұмыстарын бастады
Ата заң • Бүгін, 18:25
Жалпыұлттық коалиция: Ақмола облысында кездесулер өткізді
Ата заң • Бүгін, 18:13
Антарктика суларында алғаш рет акула табылды
Әлем • Бүгін, 18:04
Дональд Трамптың резиденциясына жасырын кірмек болған адамға оқ атылды
Әлем • Бүгін, 17:58
Қазақстанда жүргізушісіз такси қызметі пайда болуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 17:57
Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиададағы жолы: Жылдар мен нәтижелер
Қысқы спорт • Бүгін, 17:56
Nomad Academy шәкірттері ел біріншілігінде топ жарды
Теннис • Бүгін, 17:49
Ақсу жастары облыс әкімімен жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:48
Дастан Сәтпаев алдағы маусымда жаңа нөмірмен алаңға шығады
Футбол • Бүгін, 17:39
Отандық құрылыс материалдары өндірісі саласын қандай тәуекел күтіп тұр?
Экономика • Бүгін, 17:31
2025 жылы ел экономикасы қалай дамыды?
Экономика • Бүгін, 17:25