Елорда • Бүгін, 15:27

LRT-ның атауы Tarlan Astana болып өзгерді: Әкім тиісті қаулыға қол қойды

1 мин
оқу үшін

Астанадағы жеңіл рельсті көлік жүйесі (LRT) енді Tarlan Astana деп аталады. Тиісті қаулыға қала әкімі Жеңіс Қасымбек қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

LRT-ның атауы Tarlan Astana болып өзгерді: Әкім тиісті қаулыға қол қойды

Фото: ашық дереккөз

Еске салсақ, LRT жүйесінің ашылу рәсімі 16 мамырда өтіп, оған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысқан болатын. Ал 5 маусымда өткен мәслихат отырысында тұрғындарға айтуға және есте сақтауға оңай болатын жаңа атау таңдау мәселесі қаралды.

Талқылау барысында «Сұңқар», «Лашын», «Құлан», «Аспан», «Тарлан» секілді бірнеше нұсқа ұсынылған. Комиссия мүшелері бірауыздан Tarlan Astana атауын қолдаған.

LRT іске қосылғалы бері 3,1 миллионнан астам жолаушы тасымалданды

26 маусымда елорда әкімі бұл шешімді ресми түрде бекітті. Қаулыға сәйкес, Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасына қажетті ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу тапсырылды. Істің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Есет Байкенге жүктелді.

Соңғы жаңалықтар