03 Наурыз, 2015

Нью-Йоркке жұмыс бабындағы сапар

321 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс бабындағы сапармен Нью-Йоркке келді, ол мұнда БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунмен және Біріккен Ұлттар Ұйымының бірқатар жоғары лауазымды адамдарымен кездеседі, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі. Сенат Төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының басшысы Қ.Тоқаев БҰҰ-да осы форумның таныстырылымында сөз сөйлейді. Бесінші діни саммит биылғы 10-11 маусымда Астанада өтеді және ол діни көшбасшылар мен саяси қайраткерлердің бейбітшілік, даму және қауіпсіздік жолындағы үнқатысуына арналады. Қ.Тоқаев сапарының бағдар­ламасында ірі қорлардың басшылары – Азия қоғамының президенті Дж.Ширанмен, «Еуразия» тобының президенті Я.Бреммермен, Өр­кениеттер альянсының Жо­ғары өкілі Н.Ан-Насермен, «Бей­­біт­шілік жолындағы дін» кон­ферен­циясының Бас хатшысы У.Вендлимен және Нью-Йорк діни қауымдастығының өкілдерімен кездесулер бар.