Спорт •

Екі отандасымыз Азия чемпионатының финалына шықты

1 мин
оқу үшін

Таиландтың Паттайя қаласында күрес түрлерінен U20 жас санатындағы Азия чемпионаты жалғасып жатыр. Бүгін бозкілемге еркін күрес шеберлері шықты. Нәтижесінде екі отандасымыз алтын жүлде үшін күрессе, үш балуан қола жүлдеге таласады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Екі отандасымыз Азия чемпионатының финалына шықты

70 келіге дейінгі салмақта Сұңқар Сейдахмет жартылай финалда жапониялық Рёсэй Сукэгаваны жеңді. Енді ол финалда үндістандық Сумит Кумар Лаксман Бхараскармен күреседі.

Сондай-ақ 97 келіге дейінгі салмақта Самир Дурсунов 1/2 финалда моңғолиялық Бат-Эрдэнэ Отгондойваадан басым түсті. Енді қазақстандық спортшы ақтық сында Қытай өкілі Ян Юаньчунмен белдеседі.

Азия чемпионатында балуан қыздарымыз бес медаль жеңіп алды

Ал Рамиль Расим 57 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін өтетін белдесуде үндістандық Рохитпен күш сынасады. 65 келіге дейінгі салмақта Мұхамеджан Орынбасар өзбекстандық Санжарбек Анварбековпен қола жүлдені сарапқа салады. Сондай-ақ 79 келіге дейінгі салмақта Айбек Қалиахмет қола жүлде үшін өтетін белдесуде Амирбек Урдушевпен кездеседі.

Азия чемпионатында қазақ балуандары екі күміс, бір қола медаль жеңіп алды

Соңғы жаңалықтар