Руханият •

Ұландықтар ел тұрғындарын Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

1 мин
оқу үшін

ІІМ Ұлттық ұланының бөлімшелері бірігіп, мереке қарсаңында Қазақстан халқына ерекше музыкалық құттықтау жолдады. Құқықтық тәртіп әскерінің патрульдік-бекеттік қызметі, авиациялық базасы, қамтамасыз ету полкі мен Құрмет қарауыл ротасының өкілдері бірлесіп, Ән-би ансамблінің домбырашыларымен, сондай-ақ Үлгілі-көрсетімді оркестрдің дирижерларымен әйгілі «Балбырауын» күйін орындады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұландықтар ел тұрғындарын Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

Фото: Polisia.kz

Ұландықтар музыкалық композицияны орындау үшін елорда тұрғындарының сүйікті орындарының бірі – «Сарқыраманы» сахнаға айналдырды. Астанаға сән берген әсем локацияда мөлдір судың ағысы мен ұлттық аспаптың қоңыр үні ерекше үйлесім тапты. Елуге жуық домбырадан шыққан күй әуезі ұрпақтар бірлігін, дәстүрлер сабақтастығын және ұлттық мұраға деген құрметті көрсетті.

Ұлттық домбыра күні: Семейдегі көрмеге Абай Құнанбайұлының домбырасы қойылды

Ұлттық ұланның әскери қызметшілері шығармашылық акция арқылы қазақстандықтарды домбыра күнімен құттықтай отырып, ұлттық мәдениеттің әртүрлі мамандық иелерін біріктіретінін дәлелдеді.

Ұлттық домбыра күніне орай Қазақстанда 2000-нан астам мәдени іс-шара өтеді

Музыкалық жоба Отанға қызмет ету тек жауынгерлік міндеттерді орындау ғана емес, сонымен қатар қазақ халқының рухани құндылықтарын, тарихы мен мәдени мұрасын сақтау екендігін көрсетті.

Ұлттық ұлан

Соңғы жаңалықтар