Өнер •

Ұлттық домбыра күні: Семейдегі көрмеге Абай Құнанбайұлының домбырасы қойылды

1 мин
оқу үшін

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында Ұлттық домбыра күніне орай «Қазағымның үнісің сен – домбыра!» атты көрме ашылды. Көрмедегі ең құнды жәдігерлердің бірі музей қорында сақталған Абай Құнанбайұлының домбырасы болды, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ұлттық домбыра күні: Семейдегі көрмеге Абай Құнанбайұлының домбырасы қойылды

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Көпшілік назарына 30-ға жуық жәдігер ұсынылды. Олардың қатарында Абайдың домбырасымен бірге, Шәкір Әбенұлы мен Ахат Шәкәрімұлының музыкалық аспаптары да бар.

Астанада балабақша бүлдіршіндері түймеден Абай Құнанбайұлының портретін дайындап шықты

Қазақ мәдениетінде өзіндік қолтаңба қалдырған тұлғалардың музыкалық аспаптары да көрмеде жинақталды. Келушілер Мәдениет Ешекеевтің, Болат Сыбановтың, Арғынбек Ахметжановтың, Нұридден Иманбаевтың және өзге де өнер иелерінің домбыраларын тамашалай алады.

Домбыра

Италияда Абай Құнанбайұлының бюсті ашылды

Экспозицияға Бұқар жырау атындағы Павлодар облыстық әдебиет және өнер музейі мен Қостанай қаласындағы Абай атындағы мектептен музей қорына табысталған музыкалық аспаптар, сондай-ақ Абайдың музыкалық мұрасы мен қазақтың халық аспаптарының тарихына арналған ғылыми еңбектер де қойылды.

Соңғы жаңалықтар