ПЕТРОПАВЛ. 30 маусым. Еліміздің 13 облысынан келген 100-ден астам велошабандоздар 4 күн бойы топтық және жекелей жарыстарда күш сынасып, қатар өткізілген республикалық спартакиада мен чемпионаттың жүлделерін сарапқа салды. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Жарыс шымылдығын ерлер командасы ашты. Құрамында Алексей Луценко, Жандос Бижігітов, Степан Астафьев және Артем Захаров бар алаң иелері 50 шақырым қашықтықты алдымен бағындырды. Әйелдер арасында сөре сызығын (30 шақырым) бірінші болып Алматы облысының командасы қиды.
36 шақырымдық жекелей сында халықаралық дәрежедегі спорт шебері Алексей Луценкоға (СҚО) тең келер қарсылас табылмады. Әйелдер арасында (18 шақырым) Алматы облысының өкілі Екатерина Юрайтис жеңістің ең биік тұғырына көтерілді.
Жасөспірімдер арасында 18 шақырымдық қашықтықта қызылордалық Асылхан Тұрар көмбеге бірінші болып жетті. Ал, жасөспірімдердің топтық бәсекесінде жамбылдық Дінмұхамед Ұлысбаевтың бағы жанды.
80 шақырымдық топтық додада Алматы облысының әйелдер командасы бірінші орынды еншіледі.
Спартакиаданың соңғы күнінде 202 шақырымдық топтық жарыс 5 сағатқа жуық созылып, петропавлдық Олег Земляковтың мерейі үстем болды.
3 алтын, 3 күміс, 3 қола медаль иеленген солтүстікқазақстандық велошабандоздар жалпыкомандалық есепте бірінші орынды жеңіп алды. Екінші, үшінші орындарға Алматы және Қостанай облысының командалары орналасты.
Өмір Есқали.
Дерек: Солтүстік Қазақстан облыстық дене шынықтыру жән спорт басқармасы.
Сурет: egemen.kz
• 30 Маусым, 2015
Петропавлда велоспорттан республикалық спартакиада аяқталды

Ет қымбаттады: Еуропа, Азия және Таяу Шығыста бізден арзан
Қоғам • Бүгін, 18:35
Жалпыұлттық коалиция белсенділері үгіт-насихат жұмыстарын бастады
Ата заң • Бүгін, 18:25
Жалпыұлттық коалиция: Ақмола облысында кездесулер өткізді
Ата заң • Бүгін, 18:13
Антарктика суларында алғаш рет акула табылды
Әлем • Бүгін, 18:04
Дональд Трамптың резиденциясына жасырын кірмек болған адамға оқ атылды
Әлем • Бүгін, 17:58
Қазақстанда жүргізушісіз такси қызметі пайда болуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 17:57
Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиададағы жолы: Жылдар мен нәтижелер
Қысқы спорт • Бүгін, 17:56
Nomad Academy шәкірттері ел біріншілігінде топ жарды
Теннис • Бүгін, 17:49
Ақсу жастары облыс әкімімен жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:48
Дастан Сәтпаев алдағы маусымда жаңа нөмірмен алаңға шығады
Футбол • Бүгін, 17:39
Отандық құрылыс материалдары өндірісі саласын қандай тәуекел күтіп тұр?
Экономика • Бүгін, 17:31
2025 жылы ел экономикасы қалай дамыды?
Экономика • Бүгін, 17:25
Мемлекет басшысы Грузия Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Президент • Бүгін, 17:14
Ақтауда «МузАРТ» тобының қатысуымен жаңа Конституцияны қолдауға арналған форум өтті
Ата заң • Бүгін, 17:11
Ұлытау облысында Ұлттық банк филиалының жаңа ғимараты ашылды
Аймақтар • Бүгін, 17:10