ПЕТРОПАВЛ. 30 маусым. Облыс орталығындағы базарлардың бірінде құмар ойын арқылы адамдарды алдап, пайда таппақ болған ресейлік азамат құрықталды. Бұл туралы
ОІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Тепсе, темір үзетін жастағы жас жігіт Ресейдің Урал өңірінен келіпті. Өзінің айтуынша, қалтасындағы қаражаты жұқарып қалған соң амалсыздан ойын бизнесімен айналысқан көрінеді. Аузы аңқиған аңқау адамдарды халық көп жүретін базарлардың бірінен тауып, «шарик-малик» ойынына тартқан. Көнге кемінде 500 теңге салуды міндеттеп, оймақ астына жасырған заттың оп-оңай табылатын айтып, құмарпаздардың делебесін қоздыра түскен. Ойынға қатысушылардың айтуынша, қанжығасы аз майланбаса керек.
Енді ол бизнес ойынын заңсыз ұйымдастырғаны үшін әкімшілік жазаға тартылып, 400 мың теңге көлемінде айыппұл төлейтін болады.
Жыл басынан бері облыс орталығында осындай заң бұзушылыққа барған 4 адамға әкімшілік шара қолданылыпты.
Өмір Есқали.
Дерек, сурет: Солтүстік Қазақстан облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.
• 30 Маусым, 2015
Петропавлда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған шетелдік ұсталды

Ет қымбаттады: Еуропа, Азия және Таяу Шығыста бізден арзан
Қоғам • Бүгін, 18:35
Жалпыұлттық коалиция белсенділері үгіт-насихат жұмыстарын бастады
Ата заң • Бүгін, 18:25
Жалпыұлттық коалиция: Ақмола облысында кездесулер өткізді
Ата заң • Бүгін, 18:13
Антарктика суларында алғаш рет акула табылды
Әлем • Бүгін, 18:04
Дональд Трамптың резиденциясына жасырын кірмек болған адамға оқ атылды
Әлем • Бүгін, 17:58
Қазақстанда жүргізушісіз такси қызметі пайда болуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 17:57
Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиададағы жолы: Жылдар мен нәтижелер
Қысқы спорт • Бүгін, 17:56
Nomad Academy шәкірттері ел біріншілігінде топ жарды
Теннис • Бүгін, 17:49
Ақсу жастары облыс әкімімен жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:48
Дастан Сәтпаев алдағы маусымда жаңа нөмірмен алаңға шығады
Футбол • Бүгін, 17:39
Отандық құрылыс материалдары өндірісі саласын қандай тәуекел күтіп тұр?
Экономика • Бүгін, 17:31
2025 жылы ел экономикасы қалай дамыды?
Экономика • Бүгін, 17:25
Мемлекет басшысы Грузия Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Президент • Бүгін, 17:14
Ақтауда «МузАРТ» тобының қатысуымен жаңа Конституцияны қолдауға арналған форум өтті
Ата заң • Бүгін, 17:11
Ұлытау облысында Ұлттық банк филиалының жаңа ғимараты ашылды
Аймақтар • Бүгін, 17:10