АСТАНА. 30 маусым. Қызылорда қаласында Парламент Мәжілісінің депутаты Алмас Тұртаев кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесінің отырысына қатысты. Онда депутат аймақтағы кәсіпкерлік саласының жай-күйімен танысты. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады.
Жыл басынан бері кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесінің 6 отырысы өткізілді. Кеңес отырысында қаралған 18 мәселе бойынша 16 кәсіпкердің құқығы қорғалған.
Кезекті кеңес отырысында кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Дархан Мырзалиев: «Өңірдегі қадағалаушы орган өкілдері мен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің біріге жұмыс жасау нәтижесі бойынша 7 лауазымды тұлға тәртіптік шараға қолданылды. Осы жерде айта кетейін, кәсіпкерлердің мәселесін қарастыруда жергілікті атқарушы органдарға сұраныс хаттар жолданады. Алайда, бұл хаттар қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімдері тарапынан жиі жауапсыз қалып отырады. Осының салдарынан кәсіпкерлік субъектілерінің өтініштерін қарау мерзімі сақталмай, кәсіп иелері біраз әбігерге түседі», – деді.
Бұл мәселеге қатысты кеңес төрағасы Алмас Тұртаев: «Кәсіпкерлер – өзін ғана емес, басқа да азаматтарды жұмыспен қамти отырып, ел қазынасына қаржы құйып, сол арқылы мемлекеттік қызметкерлердің жалақы алуына жағдай жасап отырған қоғамның белсенді тобы. Сондықтан кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін әкімшілік кедергілерді болдырмау үшін жергілікті атқарушы органдардың жұмыстарына ішкі бақылауды күшейту қажеттілігі туралы қала әкімдігіне ұсыныс жолдауды тапсырам», – деп сөзін түйіндеді.
Айта кетейік, алдағы уақытта бұл шарадан да нәтиже шықпаса, кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіріп отырған тиісті қызметкерлердің аты аталып, түсі түстеліп, қоғам назарына ұсынылатын болады.
Талғат Райымбек.
Дерек, сурет: Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.
• 30 Маусым, 2015
Депутат Алмас Тұртаев Қызылорда кәсіпкерлерімен кездесті

Ет қымбаттады: Еуропа, Азия және Таяу Шығыста бізден арзан
Қоғам • Бүгін, 18:35
Жалпыұлттық коалиция белсенділері үгіт-насихат жұмыстарын бастады
Ата заң • Бүгін, 18:25
Жалпыұлттық коалиция: Ақмола облысында кездесулер өткізді
Ата заң • Бүгін, 18:13
Антарктика суларында алғаш рет акула табылды
Әлем • Бүгін, 18:04
Дональд Трамптың резиденциясына жасырын кірмек болған адамға оқ атылды
Әлем • Бүгін, 17:58
Қазақстанда жүргізушісіз такси қызметі пайда болуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 17:57
Қазақстан құрамасының қысқы Олимпиададағы жолы: Жылдар мен нәтижелер
Қысқы спорт • Бүгін, 17:56
Nomad Academy шәкірттері ел біріншілігінде топ жарды
Теннис • Бүгін, 17:49
Ақсу жастары облыс әкімімен жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:48
Дастан Сәтпаев алдағы маусымда жаңа нөмірмен алаңға шығады
Футбол • Бүгін, 17:39
Отандық құрылыс материалдары өндірісі саласын қандай тәуекел күтіп тұр?
Экономика • Бүгін, 17:31
2025 жылы ел экономикасы қалай дамыды?
Экономика • Бүгін, 17:25
Мемлекет басшысы Грузия Премьер-министрімен телефон арқылы сөйлесті
Президент • Бүгін, 17:14
Ақтауда «МузАРТ» тобының қатысуымен жаңа Конституцияны қолдауға арналған форум өтті
Ата заң • Бүгін, 17:11
Ұлытау облысында Ұлттық банк филиалының жаңа ғимараты ашылды
Аймақтар • Бүгін, 17:10