АТЫРАУ. 4 наурыз. Атырауда 3 наурызға қараған таңғы алакеуімде мас жүргізуші жол-патрульдік қызметі экипажының тоқтау туралы бұйрығына бағынбай, қашпақ болғанда полиция көлігіне соқтығысты. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Гүлназира Мұхтарованың хабарлауынша, сол уақытта «Батыс» жол-патрульдік қызметінің экипажы Атырау қаласындағы Азаттық даңғылы мен Атамбаев көшесінің қиылысында кезекшілікте тұрған. Полицейлер «Фольксваген» көлігінің жүргізушісінің кенеттен тежегішті басып, қозғалыс бағытын күрт өзгерткенін байқайды. Кезекші полицейлер дыбыс күшейткішпен көлік жүргізушісіне тоқтауды бұйырады. Бірақ жүргізуші полицейлердің бұл талабын орындамай, бағдаршамның қызыл белгісіне қарамай солға бұрылған. Сол кезде «Фольксваген» көлігі жол-патрульдік қызметі экипажының көлігіне соқтығысқан.
Осылайша, полиция қызметкерлерінің талабына бағынбай, сонымен бірге, полицейлердің қызметтік көлігіне зақым келтірген жүргізуші қашып кетуге әрекеттенеді. Алайда, ол полицейлер қолына түсті. Тексеру нәтижесінде «Фольксваген» жүргізушісінің масаң күйде көлік жүргізген Атырау қаласының 27 жасар тұрғыны екені белгілі болды. Қазір оның үстінен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 608-бабы («Көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқару») бойынша хаттама толтырылды.
Жолдасбек Шөпеғұл.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: news.nur.kz.
• 04 Наурыз, 2015
Атырауда мас жүргізуші полиция көлігіне соқтығысты

Спорт • Бүгін, 08:15
Қазақ сахнасындағы француз туындысы
Өнер • Бүгін, 08:10
Олимпиада • Бүгін, 08:00
Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше