АСТАНА. 4 ақпан. Қазақстандық паралимпиадашылар Біріккен Араб Әмірлігінің Шардж қаласында өткен жеңіл атлетшілер арасындағы халықаралық турнирден 3 алтын, 5 күміс, 9 қола медальді жеңіп алды. Бұл туралы «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы» хабарлады.
Спортшыларымыз Шарджға ширығып барған екен. Спортшыларымыз екі күнде табаны күректей 17 медальді уыстап шықты. Әсіресе, ұзындыққа секіру мен қысқа қашықтыққа жүгіруде Қазақстанның көк туын Мағжан Нұрлыбаев қайта-қайта желбіретті. Еліміздің қоржынына 3 алтынды да Мағжанның бір өзі салды. Сондай-ақ, Аманат Қалқаев, Айнұр Тайжанова, Алексей Лукутин, Бислан Гебертаев, Ислам Салимов сынды спортшылар намысты қолдан бермеуге барын салды. Шардж бәсекесінде біздің елдің 7 спортшысы әлем чемпионатының нормативін орындады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің толық тізімі төмендегідей.
Нұрлыбаев Мағжан – алтын медаль (100 метрге жүгіруден – 0:11,74 сек.)
Нұрлыбаев Мағжан – алтын медаль (200 метрге жүгіруден. – 0:24,34 сек.)
Нұрлыбаев Мағжан – алтын медаль (ұзындыққа секіруден – 5 м.16 см.)
Аманат Қалқаев – күміс медаль (100 метрге жүгіруден – 0:12,69 сек.)
Аманат Қалқаев – қола медаль (200 метрге жүгіруден – 0:27,01 сек.)
Аманат Қалқаев – қола медаль (ұзындыққа секіруден – 5 м. 45 см.)
Айнұр Тайжанова – күміс медаль (ядро лақтырудан – 7 м.06 см.)
Айнұр Тайжанова – қола медаль (диск лақтырудан – 19 м.53 см.)
Алексей Лукутин – күміс медаль (диск лақтырудан – 17 м. 42 см.)
Ислам Салимов – қола медаль (200 метрге жүгіруден – 0:24,79 сек.)
Ислам Салимов – қола медаль (400 метрге жүгіруден – 0:55,47 сек.)
Ислам Салимов – қола медаль (ұзындыққа секіруден – 6 м. 11 см.)
Сергей Харламов – қола медаль (100 метрге жүгіруден. – 0:13,63 сек.)
Бейбарыс Болат – қола медаль (100 метрге жүгіруден – 0:13,21 сек.)
Бислан Гебертаев – күміс медаль (100 метрге жүгіруден – 0:11,94 сек.)
Бислан Гебертаев – күміс медаль (ұзындыққа секіруден – 5 м. 65 м.)
Павел Сидорчук – қола медаль (диск лақтырудан – 36 м.07 см.)
Жолдыбай Базар.
Дерек, сурет: «Дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығының» баспасөз қызметі.
• 04 Наурыз, 2015
Жеңіл атлетшілеріміз Шарджда жақсы өнер көрсетті

Спорт • Бүгін, 08:15
Қазақ сахнасындағы француз туындысы
Өнер • Бүгін, 08:10
Олимпиада • Бүгін, 08:00
Көктемгі егіске дайындық пысықталды
Қоғам • Бүгін, 00:07
Индонезия елшісі оралдық ғалымдармен кездесті
Ғылым • Кеше
Балабақшаларда цифрлық бақылау тәжірибесі жүргізіліп жатыр
Аймақтар • Кеше
Желідегі желпіну: Жазбаны өшіру үшін ақша сұрағандар істі болды
Аймақтар • Кеше
Еліміздің бес өңірінде су тасқыны қаупі жоғары
Қазақстан • Кеше
40 градусқа дейін аяз: Елімізге арктикалық суық келеді
Ауа райы • Кеше
Астана әуежайының ұшу-қону жолағы уақытша жабылады
Елорда • Кеше