ПЕТРОПАВЛ. 4 наурыз. Петропавл қаласындағы облыстық бейнелеу өнері мұражайында «Қазақстан мен Польша арасында» атты халықаралық көрме ұйымдастырылды. Аталған шара Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына арналды. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Жергілікті поляктардың «Коперник» мәдени орталығының ұйытқы болуымен өткен көрме-байқауға қос елден 273 үміткер қатысуға ниет білдірген. Жас қылқалам шеберлері өз туындыларына Қазақстан мен Польша арасындағы достықты, ұлттық өнер мен мәдениетті, әсем табиғатты, сирек кездесетін түз тағыларын арқау еткен.
«Байқау өткен жылдың желтоқсанында басталған болатын. Қазақ халқының тарихи жәдігерлерін, ұлттық құндылықтарын дәріптейтін дүниелерді кестелі қағазға бейнелеген оқушылардың бірқатар шығармалары Краков қалалық кітапханасына қойылды», дейді «Коперник» поляк мәдени орталығы төрағасының орынбасары Валентина Корнева.
Байқау қорытындысында 2 гран-при, 54 лауреат иелерінің есімдері белгілі болды. Гран-придің бірін петропавлдық жас талант Ульяна Борисова жеңіп алды.
Жүлдегерлерді Польшаның Қазақстан Республикасындағы елшілігінің екінші хатшысы Юстына Скшидло табыс етті. Сондай-ақ, көрмеге арнайы қатысуға келген польшалық жас өнерпаздар қаланың көрікті жерлерін тамашалады.
Өмір Есқали.
Дерек, сурет: Солтүстік Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының баспасөз қызметі.

Қостанай облысында 5 млн гектар алқапқа егін егіледі
Аймақтар • Бүгін, 11:52
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатының ұжымы жаңа Конституцияны қолдады
Ата заң • Бүгін, 11:49
Егіс науқанына дайындық: Диқандар үшін дизель бағасы нарықтан 15%-ға төмен белгіленді
Үкімет • Бүгін, 11:47
Қазақстанда радиациялық қауіпсіздік қалай реттеледі?
Сұхбат • Бүгін, 11:40
Қарағанды – Жезқазған трассасында реконструкция жұмыстары басталады
Аймақтар • Бүгін, 11:34
Белгілі кәсіпкер Михаил Шайдоровтың әкесіне көлік сыйлады
Қоғам • Бүгін, 11:27
Әдемі нөмірге әуестік: Жүргізушілер бір айда 6 млрд теңгеге жуық қаражат жұмсады
Қоғам • Бүгін, 11:12
Сыр өңірінде тағы бір ауыл арақтан бас тартты
Аймақтар • Бүгін, 11:05
Ақтөбедегі құс фабрикасында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 11:00
Төрт бірдей теннисшіміз әлемдік рейтингтің ТОП-10 тізіміне енді
Теннис • Бүгін, 10:50
Көктемгі егін егу және жинау жұмыстарына қанша қаржы бөлінеді?
Шаруашылық • Бүгін, 10:49
АҚШ-тың келесі президенті кім болуы мүмкін?
Әлем • Бүгін, 10:33
152 млн теңге залал: Көкшетауда қазынаға қол салған кәсіпкерлердің мүлкі мемлекетке қайтарылды
Жемқорлық • Бүгін, 10:28
Жоғарғы сот шешімі: Трамп енгізген импорттық тарифтер заңсыз деп танылды
Әлем • Бүгін, 10:10
Теміржол өткелінде электровоз бен жеңіл автокөлік соқтығыса жаздады
Оқиға • Бүгін, 10:03