16 Мамыр, 2015

Ақтауда жантүршігерлік көлік апаты болды (фото)

454 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
16-05-2015-apat 03АҚТАУ. 16 мамыр. Ақтауда жантүршігерлік көлік апаты болды. Апаттың жойқындығы соншалық, көліктің сау-тамтығы қалған жоқ. Алайда, ең қуаныштысы, адам шығыны тіркелмеді. Бұл туралы tumba.kz сайтына сілтеме жасап, egemen.kz тілшісі хабарлады. Оқиға бүгін түнде жергілікті уақыт бойынша сағат 01:00-дер шамасында болған. Қаладағы 8-ші шағын ауданда орналасқан ботаникалық бақ пен 22-ші шағын аудандағы ескі базар арасындағы жол қиылысында тіркелген апатта өрт сөндіруші көлік пен «Опель вектра» соқтығысты. Ақтау қалалық төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Ерлан Мәуленовтің айтуынша, кезекші бөлімге өрт шығуына байланысты дабыл түскен. Сол бойынша 3 өрт сөндіруші көлік шұғыл оқиға орнына аттанады. Дабыл қондырғысын қосып келе жатқан көліктердің алдыңғы екеуі аталған жол қиылысынан аман өткен. Ал үшіншісі жеңіл көлікпен соқтығысты. Төтенше жайт салдарынан жүргізушілер жеңіл жарақат алған. Ауруханаға жеткізіліп, қажетті дәрігерлік көмек көрсетілгеннен кейін олар үйлеріне жіберілді. Куәгерлердің айтуынша, апат өте жойқын болған. Салдарынан жеңіл көлік 100 пайыз жарамсыз болып, құр металлға айналған. Алайда, жүргізушісі дін-аман. Мамандар мұндай сәттіліктің өте сирек кездесетінін, тіпті 100-ден бірі ғана аман қалатынын айтуда. Гүлайым Шынтемірқызы. Дерек: egemen.kz. Сурет: tumba.kz. 16-05-2015-apat 01 16-05-2015-apat 02