16 Мамыр, 2015

Шешенстанда полиция бастығы өзінен 40 жас кіші қызға үйленеді

364 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

16-05-15-gucigov_goilabieva-2

АСТАНА. 16 мамыр. Бүгін Шешенстан республикасы Ножай-Юрт аудандық ішкі істер бөлімінің 57 жастағы бастығы Нажуд Гугичев Байтарки селосының 17 жасар тұрғыны Луиза Гойлабиевамен үйлену тойын өткізгелі жатыр. Бұл туралы Lenta.ru хабарлады. Шешенстан лидері Рамзан Кадыров өзінің Instagram желісі арқылы жұртты осы тойға шақырды. Оның жазуынша, бұған дейін ғасырдың ең есте қаларлық неке тіркеу рәсімі Британия ханзадасы Уильямс пен Миддлтонның арасында өтті деп есептеп келген. Алайда, соңғы күндердің оқиғасы мыңжылдықтың басты салтанаты Гугичев пен Гойлабиеваның тойы болғалы тұрғанына көзін жеткізе түскен. Ресми мәліметтер бойынша, бұл тойға мән беріп жатқан БАҚ-тар саны қазір 1,5 мыңнан асқан. Ол шын мәнінде ғасыр тойы болғалы тұрған сияқты. «Бізге тойға байланысты Австралия мен Монакодан да хабарласып жатыр», дегенді қосты Кадыров. «Сонымен, 16 мамыр күні сағат 16:45-те Грозныйдың АХАЖ-ында Нажуд пен Луизаның ресми түрде некеге тіркелу сәті болады. Тойға бәріңізді шақырамын», - деп жазды Шешенстан президенті. Кадыров бұл тойдың қатаң түрде ислам шариаты мен Ресей Федерациясының заңына сәйкес өткізілуін қатты қадағалайтындарын мәлімдеді. «Біздің дәстүрімізде, әрине, тойға дейін АХАЖ-ға бару жоқ», - деді ол. «Мен шешен билерінің үлкен әуесқойымын. Тойда ең сұлу қызбен билеуді армандап жүрмін», - деді Рамзан Кадыров. Шешенстан президенті кезінде Гугичев пен Гойлабиеваның жеке өмірлеріне арсыздықпен араласқандардың сот алдында жауап беретінін айтты. Қазір осыған байланысты тиісті талап-арыз дайындалып жатыр. Мамыр айының басында «Новая газетада» 17 жасар Гойлабиеваны 57-дегі Гугичевтің әлімжеттікпен әйел етіп алғалы жатқаны туралы хабар шықты. Онда аудандық ішкі істер бөлімі бастығының жас қызды екінші әйел етіп алғалы жатқаны, қалыңдығын біреулер республика аумағынан тысқары алып кетпеу үшін барлық жерде бекет қойғаны сөз болады. Кейірінек бұқаралық ақпарат құралдарында Гойлабиеваның өзі мен оның туыстарының бұл тойға қарсы емес екендерін білдірген мәлімдесі жарияланды. Осыдан кейін «Новая газетаның» бұл мәселені көтеріп келген тілшісі Елена Милашина өз өміріне қауіп төнуінен сақтанып, Шешенстаннан кетуге мәжбүр болды.