АСТАНА. 17 мамыр. Хоккейден Чехияда өтіп жатқан әлем чемпионатында финалға шыққан екінші команда белгілі болды. Жартылай финалда Ресей АҚШ-ты 4:0 есебімен жеңіп, шешуші сынның жолдамасын иемденді. Қос команда топтық кезеңде кездесіп, АҚШ 4:2 есебімен жеңіске жеткен болатын. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
АҚШ – Ресей 0:4 (0:0, 0:0, 0:4)
Голдар: Сергей Мозякин 48, Александр Овечкин 51, Вадим Шипачев 56, Евгений Малкин 59 (бос қақпаға).
Ресей финалда Канадамен күш сынасады. Өз кезегінде канадалықтар жартылай финалда Чехияны 2:0 есебімен жеңген болатын.
Осы ретте, АҚШ пен Ресейге қатысты әлем чемпионаттарындағы кейбір қызықты деректерге тоқталуды жөн көрдік.Бүгінгі ойынды қосқанда қос команда әлем чемпионаттарында 13 рет кездескен. Соның 7-уінде солтүстіктегі көршіміз жеңсе, 5 мәрте америкалықтар басым түскен. Ал бір мәрте тең есеп тіркелді.
Сондай-ақ, АҚШ 1960 жылдан бері әлемдік доданың финалына шыға алмай келеді. Сол жылы өз жерінде өткен жарыста Америка шешуші сында Канаданы жеңіп, әзірге соңғы рет әлем чемпионы атанды.
Солтүстік Америка өкілдері соңғы 45 жылда аталған сайыста 4 рет қола жүлдегер атанды. Жалпы, олар тарихында 11 рет финалға шығып, 2-ақ рет чемпион атанған.
Ал Ресей тек соңғы 3 жылдың ішінде 2 рет әлем чемпионатын жеңіп алды. Орыстар КСРО тарағалы жарыстың финалына 7 рет шығып, 5 мәрте чемпиондыққа қол жеткізген. Одан бөлек, 2 рет доданың қола жүлдегері атанды.
Айта кетер жайт, әлем чемпионаты ертең аяқталады. Алдымен қола жүлде үшін АҚШ пен Чехия айдынға шығады. Ал одан кейін финалда Канада мен Ресей чемпиондық атақты сарапқа салады.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: eurosport.ru.
• 17 Мамыр, 2015
Хоккей. Әлем чемпионаты. Ресей қатарынан екінші рет финалға шықты

ШҚО-да «ALTAY BUSINESS» форумы өтті: Өңір экономикасының жаңа даму бағыттары айқындалды
Аймақтар • Бүгін, 21:28
Құқықтық қатынастар туралы конвенцияға өзгерістер енгізу туралы заңдарға қол қойылды
Президент • Бүгін, 20:46
Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Президентіне хат жолдады
Президент • Бүгін, 20:20
Таеквондодан әлем чемпионаты: Қазақ қызы топ жарды
Спорт • Бүгін, 19:54
Құс саңғырығынан «жасыл» энергия өндірілді
Шаруашылық • Бүгін, 19:34
Қазақстан Дүниежүзілік банкпен жаңа жобаларды іске асыруға ниетті
Үкімет • Бүгін, 18:58
Алматыда тұрғын үй өртінен төрт адам құтқарылды
Оқиға • Бүгін, 18:42
Енді банктер ипотека беруде қарыз алушының төлем қабілетін қатаң тексереді
Банк • Бүгін, 17:59
KASE-дегі күндізгі сауда жабылды: Доллар бағамы 474 теңгеге түсті
Қаржы • Бүгін, 17:42
Қазақстан азаматтары визасыз бара алатын елдер саны артты
Қоғам • Бүгін, 17:40
Жалған құжаттар пайдаланған: Жетісу облысында алаяқ 5 жылға сотталды
Қоғам • Бүгін, 17:31
2027 жылдан бастап азаматтардың қарыз көлеміне шектеу енгізілуі мүмкін
Қаржы • Бүгін, 17:29
Президентке «Астана» халықаралық қаржы орталығының даму жоспары таныстырылды
Президент • Бүгін, 17:15
Іле Алатауының тау бөктеріндегі жер телімі мемлекетке қайтарылды
Қоғам • Бүгін, 16:59