18 Мамыр, 2015

Техаста байкерлер төбелесінен тоғыз адам қайтыс болды

226 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
18.05.2015-TeshasАЛМАТЫ. 18 мамыр. Америкадағы атақты Техас штататының Уэйко қаласындағы ресторанның бірінде болған төбелестен 9 адам қайтыс болып, 18 адам жарақат алды. Бұл туралы жергілікті Associated Press хабарлады. Полиция өкілі Патрик Суонтон: «Ресторанда ушыққан жантүршігерлік жанжал паркинг алаңында жалғасып, ол жер нағыз қан майданға айналған»,–деді. Айта кетейік, муниципиальді полицияға төбелес болатын жайында дерек күнілгері жеткеніне қарамастан, тәртіп сақшылары жанжалдың жолын кесіп үлгере алмады. Қосымша құтқарушылар тобы келіп жеткенде сегіз адам көз жұмып, бір адам ауруханаға барар жолда қайтыс болды. Оқиға болған жерден шынжыр мен бейсбол таяғы, пышақтан басқа 100-ден астам атыс қаруы табылды. Күдікті деген оншақта адам қамауға алынды. Қазір оқиға орнында тергеу жүріп жатыр. Талғат Сүйінбай. Дерек, сурет: АР.