ОРАЛ. 18 мамыр. Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Орда ауылында кезінде хан Жәңгірдің бастамасымен отырғызылған қарағайлы орман бар. Бархан құмның ортасынан орын тепкен орман бүгінге дейін сақталып келген еді. Өкінішке қарай, қазіргі таңда сол жердегі қарағайлар кесіліп жатыр. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Орда орман шаруашылығы аумағында болып жатқан жайттарды бізге облыс орталығынан шалғайда жатқан сол ауылдан арнайы келген зейнеткер, ауданның құрметті азаматы Есентай Нұрлыбаев ашына айтып берді. Тіпті ол оталған, оңды-солды кесілген орманның суреттерін қоса көрсетті.
Есентай ақсақалдың айтуынша, осы жайтқа қатысты Орда орман шаруашылығының басшылығы нақты бір шара қолданбай отырған көрінеді. Ал қарағайларға қырғидай тигендер оны электр арасының күшімен тақта етіп тілдіріп, үйдің құрастырмалы бұйымдарын жасап, сатуды әдетке айналдырған.
«Бұрын әкімшілік құқықбұзушылық болып саналған ағаштар мен екпе ағаштарды заңсыз кесу – қазіргі таңда, Орман кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес, қылмыстық құқықбұзушылыққа жатады», – дейді ел ағасы.
Сондай-ақ, ол: «XIX ғасырдың алғашқы ширегінде қолдан отырғызылған орманды отамай, аялап, кейінге ұрпаққа аманаттасақ, әлдеқайда абыройлы іс болар еді. Тарихтың жаңғырып, санамызда қайта оянуына да көне жәдігердей болған осындай жауһарларымыздың септігі мол. Ендеше орманның оталуына жол бермейік», – деді.
Темір Құсайын.
Дерек, сурет: egemen.kz.
• 18 Мамыр, 2015
Батыс Қазақстанда Жәңгір ханның көзіндей болған орман оталуда

Олжас Бектенов: Шағын авиацияның әуе кемелерін сатып алу ісінде кемшіліктер бар
Үкімет • Бүгін, 13:57
«Қазсушар» филиалдарына 130 жаңа мотоцикл берілді
Қоғам • Бүгін, 13:31
«Келешек мектептері»: Елімізде 217 заманауи білім ошағы ашылды
Білім • Бүгін, 13:18
Премьер-министр теміржол вокзалдарын жаңғырту қарқынын сынға алды
Логистика • Бүгін, 13:01
Қостанай облысында жол апатынан 4 адам қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 12:51
Елімізде қар жауып, күн күрт суытады
Ауа райы • Бүгін, 12:42
Бибісара Асаубаева «Үміткерлер турнирінде» үздік үштікке енді
Спорт • Бүгін, 12:30
«Таза Қазақстан»: Орманшылар оқушылармен бірге ағаш екті
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 12:20
Атырауда дарынды балаларға арналған спорт мектебі салынып жатыр
Спорт • Бүгін, 12:12
Астанадағы көпқабатты үйдегі өрт: Зардап шеккен әйелдің жағдайы қалай?
Қоғам • Бүгін, 11:53
Қажылық сапары: Ел азаматтары үшін қауіпсіз әуе бағыттары ұйымдастырылады
Қоғам • Бүгін, 11:48
Еркін күрес шеберлері Бішкекте қос қоланы қанағат тұтты
Спорт • Бүгін, 11:36
Ғарифолла Әнестің 6 кітабы таныстырылды
Әдебиет • Бүгін, 11:13
Мемлекет басшысы Ирак президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 11:03