АСТАНА. 19 мамыр. Испанияда келімсектен оның бүйрегін сатып алмақ болған 5 адам тұтқындалды. Күдіктілер бұл сауда үшін шетелдікке 6 мың еуро төлеуге келіскен. Бұл туралы Yahoo News-ге сілтеме жасап, lenta.ru хабарлады.
Полицейлердің айтуынша, бүйрек – тонаумен айналысатын жергілікті қылмыстық топтың басшысына қажет болған. Ол аталған адам мүшесін зәр шығару жүйесі бұзылған ұлы үшін сатып алғысы келген.
«Медициналық тексеріс кезінде келімсек бұл келісімнен бас тартуға тырысады. Алайда, қылмыстық топ оны ұрлап әкетіп, ұрып-соққан. Тіпті келіспесе өлтіруден де тайынбайтындарын ескерткен», – дейді Испания полицейлері. Олар бұл істі Германия және Бельгия сақшыларымен бірлесіп тергегенін айтты.
Айта кетейік, Еуропалық одаққа мүше елдер 14 наурызда адам мүшелерін сатуға қарсы халықаралық келісімшартқа қол қойды. Еуропалық кеңестің мәлімдеуінше, жыл сайын осындай «кәсіптен» сатушылар 1,2 млрд. доллар көлемінде табыс табады екен.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: lenta.ru.
• 19 Мамыр, 2015
Испанияда шетелдікті бүйрегін сатуға күштеп көндірген топ қолға түсті

Олжас Бектенов: Шағын авиацияның әуе кемелерін сатып алу ісінде кемшіліктер бар
Үкімет • Бүгін, 13:57
«Қазсушар» филиалдарына 130 жаңа мотоцикл берілді
Қоғам • Бүгін, 13:31
«Келешек мектептері»: Елімізде 217 заманауи білім ошағы ашылды
Білім • Бүгін, 13:18
Премьер-министр теміржол вокзалдарын жаңғырту қарқынын сынға алды
Логистика • Бүгін, 13:01
Қостанай облысында жол апатынан 4 адам қайтыс болды
Оқиға • Бүгін, 12:51
Елімізде қар жауып, күн күрт суытады
Ауа райы • Бүгін, 12:42
Бибісара Асаубаева «Үміткерлер турнирінде» үздік үштікке енді
Спорт • Бүгін, 12:30
«Таза Қазақстан»: Орманшылар оқушылармен бірге ағаш екті
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 12:20
Атырауда дарынды балаларға арналған спорт мектебі салынып жатыр
Спорт • Бүгін, 12:12
Астанадағы көпқабатты үйдегі өрт: Зардап шеккен әйелдің жағдайы қалай?
Қоғам • Бүгін, 11:53
Қажылық сапары: Ел азаматтары үшін қауіпсіз әуе бағыттары ұйымдастырылады
Қоғам • Бүгін, 11:48
Еркін күрес шеберлері Бішкекте қос қоланы қанағат тұтты
Спорт • Бүгін, 11:36
Ғарифолла Әнестің 6 кітабы таныстырылды
Әдебиет • Бүгін, 11:13
Мемлекет басшысы Ирак президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 11:03