Осы орайда, Қазақстан халқы арасынан шыққан ерен ерлерді елмен етене қауыштыруға бағытталған «Қаһарман», «Қазақтың қара майоры» (орысша «Король Панджшера»), «Оқ пен Отан» кітаптары қалың оқырманға жол тартты. Шараға Парламент депутаттары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар мен жастар қатысты. Онда Қ.Сұлтанов, К.Серікбаев, Ә.Тарази, Б.Ертаев, Ө.Озғанбаев сияқты аға ұрпақ өкілдері сөз алып, кітап авторына деген өздерінің жүрекжарды тілектері мен пайымды пікірлерін білдірді.
«Қаһарман» атты кітап Ұлы Отан соғысының аты аңызға айналған батыры, ерліктің толассыз қайнары, өшпес өнегесі, тозбайтын асылы Бауыржан Момышұлының ұрпаққа қалдырып кеткен таусылмас мирасына, сарқылмас мұрасына арналған. Жұртшылықтың сұрауымен, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында жаңа тұрғыдан жазылып, қайта басылып шыққан бұл кітап қаруы мен қаламын қатар ұстаған қайталанбас, батыр тұлғаның ерлік жолын жас ұрпақтың санасына сіңіріп, оларды ойы озық, рухы берік етіп тәрбиелеуге шақырады.
Сонымен қоса, автордың «Қазақтың қара майоры» және «Король Панджшера» кітабы Ауған соғысындағы күрделі тұлға Борис Керімбаевтың ерен ерлігі мен еңселі еңбегінен сыр шертеді. Кітап иесі оның батыр да батыл бейнесін оқырманға аша отырып, отаншыл асқақ рух, мемлекетшіл биік сана туралы өз пайымдарын ортаға салады. Ал, «Оқ пен Отан» кітабы елiмiздiң өткен тарихына терең бойлау арқылы бүгiнгi және келешектегі кемел өмірдің жайын ойлауға, «Мәңгілік Ел» жолында ұлттық құндылықтарды ардақтауға, ынтымақ, бірлік, келісімді сақтауға үндейді. Өмірден түйген пайымдарын ел бірлігі мен тірлігіне ұластыра өрілген жыр моншақтары кім-кімді болса да, бейжай қалдырмасы анық.
Әскери тақырыпта қалам тартып жүрген қоғам қайраткері Бақытбек Смағұлды тек Ауған соғысының ардагері деп қана қарамай, батыл ойдың иесі, қажет кезінде жалындатып, жандырып, шегелеп, шешен сөйлей білетін шешен, дарынды қаламгер деп тануымыз керек. Жауынгер отандасымыздың қандай еңбегін оқысаңыз да онда патриоттық рух, елдік пен ерлікті мұрат етеді.
Раушан ТӘУІРХАНҚЫЗЫ,
журналист.
АСТАНА.

Билет бар, орын жоқ: Овербукинг кезінде жолаушы нені білуі тиіс?
Қоғам • Бүгін, 18:10
Эйнштейн өзін «алаяқ» сезінген бе?
Қоғам • Бүгін, 18:01
Референдум-2026: Шетелдегі дауыс беру учаскелерінің тізімі жарияланды
Референдум • Бүгін, 17:48
Мемлекеттік күзет қызметі сарбаздарына іріктеу басталады
Қоғам • Бүгін, 17:47
Тойота көлік құрастыру үшін гуманоид роботтарды қолдана бастады
Технология • Бүгін, 17:30
Мектеп оқушыларын биыл қандай өзгерістер күтеді?
Білім • Бүгін, 17:29
Атырау облысында биыл 125 қандасты қабылдауға квота бөлінді
Аймақтар • Бүгін, 17:22
Əлеуметтік желілер жəне психика: Цифрлық депрессиядан қалай сақтану керек?
Қоғам • Бүгін, 17:18
Ташкенттегі Grand Slam турниріне қатысатын балуандар анықталды
Спорт • Бүгін, 17:10
Сарапшылар Жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:05
Жасанды интеллектіні студенттер қалай қолданып жүр?
Технология • Бүгін, 16:50
2035 жылға қарай қандай мамандықтар сұранысқа ие болады?
Еңбек • Бүгін, 16:47
Әскери дронның тілін тапқан маман
Әскер • Бүгін, 16:30
Алматыда жастардың үкіметтік емес ұйымдары құрылады
Жастар • Бүгін, 16:28
Қантқа тәуелділік: Тәттіден бас тартқанда ағзада қандай өзгерістер болады?
Өнім • Бүгін, 16:15