Облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқанның айтуынша, аталған эстафета бастау алғалы бері Атырауда бірнеше жаңа игі істер қолға алынды. Нақтылай айтқанда, 60-қа жуық қайырымдылық шарасы өтіп, одан 7 миллион теңгеге жуық қаражат жиналды. Сөйтіп, өңірдегі Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен майданда қаза тапқандардың отбасыларына, аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға әлеуметтік көмектер берілді.
Аталған шара Құрманғазы атындағы мәдениет үйінде «Шексіз талант» қайырымдылық концертімен жалғасын тапты. Оған өңірдегі 17 этномәдени бірлестіктің өнерлі мүшелері, сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі болса да өнерді жанына серік еткен жандар белсене атсалысты. Әсіресе, арбаға таңылған жандардың биі жұртшылықтың ерекше ықыласына ие болды. Сонымен бірге, Берекет Ақжігітов, Бақыт Сәлиев сынды мүмкіндігі шектеулі жандардың қолынан шыққан туындыларға қызығушылық танытылды. Бұлардың барлығына мұнайшылар атынан сый-сияпат көрсетілді.
– Тайқазан Қазақстандағы татулық пен бірліктің, ынтымақ пен берекелі тірліктің насихатшысына айналды, – деген облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан оны көршілес Батыс Қазақстан облысының өкілдеріне табыстады.
Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ,
«Егемен Қазақстан».
Атырау облысы.
Суретті түсірген
Рахым ҚОЙЛЫБАЕВ.

Аса ірі көлемде алаяқтық жасаған Қазақстан азаматы Түркиядан экстрадицияланды
Қазақстан • Бүгін, 10:40
Шымкент фармацевтикасына 39,5 млрд теңге инвестиция құйылады
Инвестиция • Бүгін, 10:32
Цифрлық трансформация кітапханаларды қалай өзгертіп жатыр?
Әдебиет • Бүгін, 10:20
«Шорт-тректің Марко Ройсы мен шығармын...»: Абзал Әжіғалиев жанкүйерлеріне алғыс айтты
Қысқы спорт • Бүгін, 10:12
Жерасты су қоры: Ел аумағында 700-ден астам бұлақ анықталды
Қоғам • Бүгін, 09:49
Еліміздің қай өңірлерінде жолдар жабық тұр?
Ауа райы • Бүгін, 09:25
Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 09:16
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:10