19 Мамыр, 2015

Ресей жеріндегі ескерткіш

448 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Бұл ескерткіш облыс орталығындағы «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ негізінде Еуразиялық топтың (ERG) «Батырлар жолымен» халықаралық патриоттық жобасы аясында Псков облысы Новоржев қаласында ашылды. Павел Дубовой біздің об­лыс­­­тағы Ақтоғай ауылында ту­ған. Соғыс кезінде №115 Холм ди­­ви­зиясы №292 атқыштар пол­кі­нің жауынгерлерімен бірге пан­филовшы ба­тырлардың ерлігін қайталады.egemen (20) – Павел панфиловшылар біздің жерлестеріміз. Жаудың бетін қайтаруға біз бірінші болып барамыз! – дегенде оған оралдық Мақарым Көбегенов, рота командирі Григорий Дуда басқа жауынгерлер қосылды, – деп әңгімелейді Дубовойдың жиені Надежда Фурманова. Алған беттен қайтпаған жауынгерлер 1944 жылдың 7 нау­рызында аттанып, түні бойы биіктікті алу үшін шайқасады. Өздері де ерлікпен қаза табады. Бұл ерлікті Новоржев қаласында Павел Дубовой мүсінінің ашы­луына орай батырдың туыс­қандары мен жерлестері, қала жұрт­шылығы жиналып тағы бір сәт еске алды. Қала бас­шысы Михаил Пашков Еуразиялық топтың «Ба­тырлар жолымен» – «До­рогой славы» атты ха­лықаралық патриоттық жобасына алғыс білдірді. egemen (19)   – Қалада Павел Дубовой атында көше бар. Бүгінде өздері жаудан қорғап қалған Бородин биіктігіндегі ес­керткіште оның есімі ойылып жазылыпты. Мүсін авторы – ресейлік суретші Борис Сергеев. Ескерткіш Смоленск қаласының түс­ті металл құю цехында құйылған, – дейді бұл күнде соғыс өрті өткен жер­­ге барып қайтқан делегация мүшелері. Бұдан әрі деле­гация мүшелері Бородино биік­тігіне, сонымен қатар, бау­ырластар зиратына барып тағ­зым етіпті. Бауырластар зи­ратында Дубовоймен бірге мүрдесі жатқан оралдық жауынгер Мақарым Көбегеновке халықаралық патриоттық жоба аясында ескерткіш тақта орнатылды. Фарида БЫҚАЙ, «Егемен Қазақстан». ПАВЛОДАР.