Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев және ҚКП ОК Саяси бюросы Тұрақты комитетінің мүшесі, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің вице-премьері Чжан Гаоли Пекинде Ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Қытай комитетінің жетінші отырысын өткізді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Бұл отырыс Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 31 тамыз – 3 қыркүйек аралығындағы Қытайға сапары қарсаңында өтіп отыр.
Отырыс барысында тараптар Қазақстан Президентінің ҚХР-ға сапары барысында қол қойылатын бірқатар келісімдерді қарады, Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты мен ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің «Бір белдеу, бір жол» бастамасы шеңберіндегі жобаларды жүзеге асыру жолдарын талқылады. Ал олар елдер арасында өзара тиімді ынтымақтастықтың жаңа перспективаларын ашатын болады.
Келіссөздер барысында сол сияқты, сауда-экономикалық, индустриялық және инвестициялық ынтымақтастық, транзиттік көлік жобалары шеңберіндегі өзара іс-қимылдар, трансшекаралық өзендердің су ресурстарын оңтайлы пайдалану және қорғау бойынша ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды. Отырысқа қатысушылар энергетика, ауыл шаруашылығы, ғылыми-техникалық қызмет және басқа да салалардағы әріптестікті әңгіме өзегіне айналдырды.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Қытай компанияларын Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесіне белсенді қатысуға шақырды, сондай-ақ, көрме шеңберінде ШЫҰ павильонын ашу туралы Қазақстанның бастамасын жүзеге асыруға нақты маңыз беруді ұсынды.
Бақытжан Сағынтаев сол сияқты, ҚКП ОК Саяси бюросы Тұрақты комитетінің мүшесі, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцянмен кездесу өткізіп, оның барысында тараптар мемлекеттердің мұнай-газ секторы, атом энергиясы, ауыл шаруашылығы, туризм және басқа да басымдықты салалардағы ынтымақтастығын жалғастыруы қажеттігін атап көрсетті.

Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған бизнес орталық тағы да сатылмады
Қоғам • Бүгін, 12:14
«Дарын» жастар сыйлығына байқау жарияланды: Құжаттар қашанға дейін қабылданады?
Мәдениет • Бүгін, 12:06
«Семей орманы» резерваты аумағында бір тәулікте 14 орман өрті тіркелді
Оқиға • Бүгін, 11:55
Иран Қазақстанға Ормұз бұғазындағы порттан жер телімін береді
Әлем • Бүгін, 11:45
Отандық тауарлар БАӘ нарығында кедендік жеңілдіктерге ие болмақ
Экономика • Бүгін, 11:39
Қазақстан халықаралық банктерден 470 миллиард теңгеден астам қарыз алады
Парламент • Бүгін, 11:28
АҚШ-та терроризмге қатысы бар деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды
Оқиға • Бүгін, 11:21
Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында қандай мәселелер қаралады?
Парламент • Бүгін, 10:54
Алматылық азамат алимент төлемдерін азайту мақсатында көлігін туысының атына рәсімдеген
Алматы • Бүгін, 10:48
Конгода Эбола індеті өршіп барады: науқастар саны 808-ге жетті
Әлем • Бүгін, 10:35
Трамп Иранмен жасалған келісімнің негізгі шарттарын жариялады
Әлем • Бүгін, 10:16
Футболдан әлем чемпионаты: Бүгін кімдер алаңға шығады?
Футбол • Бүгін, 10:11
Павлодар облысында үш жасар қызын азаптап өлтірген әке өмір бойына сотталды
Оқиға • Бүгін, 09:54