Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің дамуы үшін және әлемде алға озған өзге де алдыңғы қатарлы елдермен тең терезелі болу мақсатында көптеген соны шешім, батыл қадамдар жасаумен келеді. Жуырда ғана жария еткен Мемлекеттік дамудың бес институттық реформасы қоғамдық ортада, соның ішінде қаржы-экономика саласының мамандары мен саясаткерлер және қоғам қайраткерлері арасында қызу талқы мен жан-жақты қолдауға ие болғаны мәлім. Міне, бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзі ұсынған сол жаңа да жасампаз бағытты жан-жақты тарата отырып, баршамызға нақты тапсырмалар мен міндеттер жүктеп отыр.
Қаржыгер ретінде мені аса қызықтырғаны – Мемлекет басшысының нұсқаған «Нақты 100 қадамында» отандық қаржы институттарының бүкіләлемдік деңгейдегі мәртебесін арттыру мен жаһандық жүйеде өзіндік бастамасын қалыптастыруға негізделген міндеттерінің заман талабымен қатар үндескендігі болып отыр. «Астана-ЭКСПО-2017» инфрақұрылымы аясында арнаулы мәртебеге ие Астана Халықаралық қаржы орталығын құру және оны алыс-жақын мемлекеттердің Орталық қаржы хабына айналдыру, Исламдық қаржыландыру институттарын жандандырып, жетекші қаржы орталықтарымен жүйелі әрі жайлы әуе қатынасы жүйесін құру секілді заманауи даму талабына сай тапсырмалардың күні ертең берері мол болатынына сеніміміз зор. Әлемдегі қаржы және бизнес саласын тыңғылықты зерттеп жүрген маман ретінде бұл тәуекелдердің келешекте үлкен жетістіктерге жеткізетінін батыл болжай аламын.
Дүние жүзіндегі қарыштап дамып кеткен елдер бір ғана инвестицияның күшімен немесе қазба-кен байлықтарымен бүгінгі жағдайға жеткен жоқ. Дамудың негізгі өзегінде сол мемлекеттің ұстанған ішкі-сыртқы саяси бағыты мен өзге дамыған және дамушы елдермен өзара байланысы, қарым-қатынасы жатыр. Қазақ елінің және Елбасының қадам басқан болашағы бүгінде барша әлемге белгілі, сондай-ақ, халықаралық қоғамдастық тарапынан зор сенім мен қолдауға ие болып отыр. Бұл мүмкіндікті тиімді пайдалану тетігі бізде сәтімен жасалып отырғандығын орынды ескеруіміз керек.
Серік АХАНОВ,
Қазақстан Қаржыгерлер ассоциациясының төрағасы.
АЛМАТЫ.

Геннадий Головкиннің есімі Халықаралық бокс Даңқ залына енді
Бокс • Бүгін, 10:45
Құмар ойын құрбаны: Атырауда «Махаббат рулеткасы» спектаклінің премьерасы өтті
Мәдениет • Бүгін, 10:33
Әлемдік туристік рейтингте Қазақстан нешінші орында?
Туризм • Бүгін, 10:10
Бүгін Испания Кабо-Верде құрамасымен кездеседі
Футбол • Бүгін, 10:07
АҚШ пен Иран келісімінен кейін мұнай арзандады
Әлем • Бүгін, 09:48
Рио-де-Жанейро аспанында екі тікұшақ соқтығысып, 6 адам қаза тапты
Әлем • Бүгін, 09:33
Қазақстан триатлоншылары Азия чемпионатының алғашқы күнінде екі алтын жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 09:22
Әлем чемпионаты: Швеция Тунистен басым түсті
Спорт • Бүгін, 09:18
Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасын туған күнімен құттықтады
Президент • Бүгін, 09:10
Соңғы минутта соғылған гол Кот-д’Ивуарға жеңіс сыйлады
Футбол • Бүгін, 09:09
Coca-Cola Belesteri: Әйелдер мен жастарға 1 млн теңгеден 10 грант беріледі
Қоғам • Бүгін, 09:00
Әлем чемпионаты: Нидерланд пен Жапония тең түсті
Футбол • Бүгін, 08:41
Ел аумағында ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Бүгін, 08:27
Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?
Қаржы • Бүгін, 08:18
Германия Кюрасао құрамасын 7-1 есебімен ойсырата ұтты
Спорт • Бүгін, 00:05