АСТАНА. 26 тамыз. Бас прокурор Асхат Дауылбаев алдағы күндері өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің бас прокурорларының 13-ші жиналысы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің бас прокурорлары Үйлестіру кеңесінің (ТМД БПҮК) 25-ші жиналысы аясында бірқатар жұмыс кездесулерін өткізді. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
Атап айтқанда, еліміздің басты қадағалау ведомствосының басшысы Моңғолия бас прокуроры Энх-Амгалан Магванноровпен, Үндістан бас прокуроры Мукул Рохатгимен, Ауғанстан Ислам Республикасының бас прокуроры Нур Джалалмен, Беларусь Республикасының бас прокуроры Александр Конюкпен, Өзбекстан Республикасының бас прокуроры Ихтиёр Абдуллаевпен және Қытай Халық Республикасының бас прокуроры Цао Цзяньминмен кездесті.
Өткізілген кездесулердің басты тақырыбы ШЫҰ және ТМД БПҮК аясындағы ынтымақтастық мәселелері болды. Тараптар өзара құқықтық көмек, прокурорлық қызметтің бағыттары бойынша тәжірибе алмасуды жалғастыру, қауіпсіздіктің әртүрлі трансұлттық қатерлеріне тосқауыл қою саласындағы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі ұтымды шараларды қабылдау мәселелері бойынша халықаралық ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға ерекше назар аударды.
Сонымен қатар, терроризммен және экстремизммен, есірткінің және қарудың заңсыз айналымымен, трансшекаралық қылмыстылықтың өзге де түрлерімен, сондай-ақ заңсыз көші-қонмен күрес проблемаларын қозғайтын алдағы күндері өтетін мемлекетаралық органдардың форумдарының күн тәртібіндегі мәселелер қозғалды.
Тараптар сондай-ақ Шанхай ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердегі дәстүрлі және жаңа қауіп-қатерлер мен қауіпсіздікке төнетін қатерлерге тосқауыл қоюды құқықтық реттеуді біркелкі ету және ұлттық заңнаманы жетілдіру мәселелерін талқылады.
Шанхай ынтымақтастық Ұйымы тұрақты әрекет етуші үкіметаралық ұйым. Ол 2001 жылғы 15 маусымда Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы және Өзбекстан Республикасының қатысумен құрылған.
Қазіргі уақытта Ауғанстан, Беларусь, Үндістан, Иран, Моңғолия және Пәкстан ШЫҰ бақылаушылары, Түркия мен Шри-Ланка – сұхбаттасу бойынша серіктес мәртебесіне ие. 2015 жылғы 10 шілдеде Үндістан мен Пәкстанға мүше-мемлекет ретінде ШЫҰ-ға қосылу туралы, ал Әзербайжан Республикасы, Армения Республикасы, Камбоджа Корольдігі және Непал Федеративтік Демократиялық Республикасына сұхбаттасу бойынша серіктес мәртебесін беру туралы шешім қабылданды.
Айдар Өрісбаев.
Дерек, сурет: Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
• 26 Тамыз, 2015
Бас прокурор бірқатар жұмыс кездесулерін өткізді (фото)

Бибісара Асаубаева көш басына шықты
Шахмат • Бүгін, 19:58
Ерлан Қошанов 155 елден келген әріптестеріне жаңа Конституция туралы айтып берді
Парламент • Бүгін, 19:36
45 қалада кәріз жүйесін салу және жаңарту жұмыстары жүргізіледі
Аймақтар • Бүгін, 19:10
Балуандарымыз Бішкектегі Азия чемпионатында жеті жүлде алды
Күрес • Бүгін, 18:58
Алаяқтықтың алдын алу: Ұстаздар арасында арнайы акция ұйымдастырылды
Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:42
Түйткілі көп газ мәселесі: Нысандарда қауіпсіздік ережелері неге сақталмайды?
Қоғам • Бүгін, 18:08
Цирфлық сервис: Депутат «тәуелсіз қызметкер» мәртебесін бекітуді ұсынды
Парламент • Бүгін, 18:02
Мемлекет басшысы Түркияға жұмыс сапарымен барады
Президент • Бүгін, 17:30
Еліміздің энергетикалық нысандарында ауқымды жөндеу жұмыстары жүріп жатыр
Энергетика • Бүгін, 17:22
Сақ болыңыз: Алаяқтар медицина қызметкері ретінде хабарласа бастады
Қылмыс • Бүгін, 17:07
Жәнібек Әлімханұлы P4P рейтингінде үздік бестікке енді
Бокс • Бүгін, 16:59
Қазақстандағы жүйелі реформалар Вашингтонда таныстырылды
Саясат • Бүгін, 16:46
Теміртаудың бірнеше шағын ауданында көп жылдан бері алғаш рет жылыту маусымы апатсыз өтті
Аймақтар • Бүгін, 16:38
Шымкент базарларында жалған «Coca-Cola» сусындары сатылған: Компания шағым түсірді
Оқиға • Бүгін, 16:28