АСТАНА. 27 тамыз. Бүгін «Астана» УЕФА Чемпиондар лигасы іріктеу турнирінің плей-офф бәсекесі шеңберінде қарымта кездесуін өткізді. Сырт алаңда Кипрдің АПОЕЛ командасымен болған ойын 1:1 есебімен тең аяқталды. Апта бұрын ойналған Астанадағы алғашқы ойында елордалықтар 1:0 есебімен жеңіске жеткен болатын. Екі матчтың қорытындысы бойынша «Астана» Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алды. Мұндай нәтиже Қазақстан футболының тарихында тұңғыш рет тіркеліп отыр. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Никосиядағы кездесу толығымен алаң иелерінің басымдығымен өтті. Бірінші таймда бірнеше рет қауіпті шабуылдар ұйымдастырғанымен АПОЕЛ ойыншылары есеп ашатын мүмкіндіктерді мүлт жіберді. Ал «Астана» қарымта шабуылдарға ғана иек артып, негізінен қорғаныста көп күш жұмсады.
Екінші тайм тағы да апоелдіктердің басымдығымен басталды. Толассыз шабуылдардың арқасында алаң иелері 60-минутта есеп ашты. Айып соққысын өте сәтті орындаған Семир Штилич тамаша голдың авторы атанды.
Гол салғаннан кейін АПОЕЛ-дің қарқыны күшейіп, шабуылдауды үдете түсті. Ойындағы өзгерістерді ескерген «Астананың» бас жаттықтырушысы Станимир Стойлов 68-минутта алғашқы қадамын жасап, Таңат Нөсербаевтың орнына Жуниор Кабананганы шығарды.
Айқастың 84-минутында біздің команда дегеніне жетіп, таразы басын теңестірді. Кезекті қарымта шабуылдардың бірінде Бауыржан Жолшиев қапталдан айып алаңына пас шығарды. Әріптесі асырған допты сәтті пайдаланған Неманья Максимович Қазақстан футболы тарихындағы ең маңызды голдардың бірін соқты. Себебі, ойын соңына дейін есеп өзгеріссіз қалып, Максимовичтің добы «Астананы» турнирдің топтық кезеңіне алып шықты.
Матчтағы кейбір статистикалық көрсеткіштерге назар аударайық. Қақпаға бағытталған соққы жөнінен АПОЕЛ алда болды (10 – 8). Оның ішінде тура жасалған соққылар – 6 – 6. Ал допқа иелік ету көрсеткіші бойынша алаң иелері айтарлықтай басымдық танытты (66% – 34%).
Ойын барысында «Астананың» қақпашысы Ненад Эричтің белсенді болғанын ерекше атап өткен жөн. Сондай-ақ, Бауыржан Жолшиев пен Георгий Жуков та шеберліктерімен көзге түсті.
УЕФА Чемпиондар лигасы. Іріктеу турнирінің плей-офф бәсекесі.
АПОЕЛ (Никосия, Кипр) – «Астана» (Астана, Қазақстан) 1:1 (0:0), 0:1
26 тамыз. Никосия. ГСП стадионы. 23 000 көрермен.
Төрешілер: Мартин Аткинсон, Стивен Чайлд, Стюарт Бард (бәрі де – Англия).
АПОЕЛ: Бой Ватерман, Мариу Сержиу, Иньяки Астис, Мариос Антониадес (Матеуш Пентковский 86), Карлау (Жоао Гильерме 83), Семир Штилич, Константинос Макридис (Константинос Хараламбидес 55), Нуну Мораиш, Томас Себастьян Де Винсенти, Луис Леал, Вандер.
«Астана»: Ненад Эрич, Марин Аничич, Бранко Илич, Евгений Постников, Дмитрий Шомко, Рохер Каньяс, Фокси Кетевоама (Алексей Щеткин 90+3), Неманья Максимович, Таңат Нөсербаев (Жуниор Кабананга 68), Георгий Жуков (Абзал Бейсебеков 89), Бауыржан Жолшиев.
Голдар: Семир Штилич 60 – Неманья Максимович 84.
Ескертулер: Томас Себастьян Де Винсенти 32, Константинос Хараламбидес 61, Вандер 88 – Бранко Илич 37, Дмитрий Шомко 63, Рохер Каньяс 71, Марин Аничич 87.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: footboom.kz.
• 27 Тамыз, 2015
Футбол. «Астана» Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шықты (видео)

Александр Бублик Дубайда өтіп жатқан турнирді сәтті бастады
Теннис • Бүгін, 19:11
Сарапшылар жаңа Конституция жобасын қабылдау перспективаларын талқылады
Ата заң • Бүгін, 18:43
Айыппұл өссе де адам өлімі азаймай тұр? Сарапшы не дейді?
Қоғам • Бүгін, 18:29
Билет бар, орын жоқ: Овербукинг кезінде жолаушы нені білуі тиіс?
Қоғам • Бүгін, 18:10
Эйнштейн өзін «алаяқ» сезінген бе?
Қоғам • Бүгін, 18:01
Референдум-2026: Шетелдегі дауыс беру учаскелерінің тізімі жарияланды
Референдум • Бүгін, 17:48
Мемлекеттік күзет қызметі сарбаздарына іріктеу басталады
Қоғам • Бүгін, 17:47
Тойота көлік құрастыру үшін гуманоид роботтарды қолдана бастады
Технология • Бүгін, 17:30
Мектеп оқушыларын биыл қандай өзгерістер күтеді?
Білім • Бүгін, 17:29
Атырау облысында биыл 125 қандасты қабылдауға квота бөлінді
Аймақтар • Бүгін, 17:22
Əлеуметтік желілер жəне психика: Цифрлық депрессиядан қалай сақтану керек?
Қоғам • Бүгін, 17:18
Ташкенттегі Grand Slam турниріне қатысатын балуандар анықталды
Спорт • Бүгін, 17:10
Сарапшылар Жаңа Конституция жобасын талқылады
Ата заң • Бүгін, 17:05
Жасанды интеллектіні студенттер қалай қолданып жүр?
Технология • Бүгін, 16:50
2035 жылға қарай қандай мамандықтар сұранысқа ие болады?
Еңбек • Бүгін, 16:47