Парламент Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Рашит Ахметов бастаған комитет мүшелері салық салу және кедендік әкімшілендіру мәселелері бойынша Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетінің төрағасымен кездесті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Салық салу және кедендік әкімшілендіру жөніндегі Президент Нұрсұлтан Назарбаев алға қойған міндеттер аясында талқылаудың маңыздылығын айтқан Р.Ахметов салық салу және кедендік әкімшілендіру ісі мемлекеттік кіріс органдары жүзеге асыратын ұйымдастыру-құқықтық және басқа да іс-қимыл мен шараларының жиынтығы екенін атап кетті.
Сенатор мемлекеттің халықпен және бизнеспен өзара іс-қимылы жүзеге асырылатын ең айқын әлеуметтік сала екенін айта келіп, белгілі бір жетіспеушіліктер мен олқылықтар салық түсімдерінің, кедендік және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің азаюына, салық және кедендік құқық бұзушылықтардың ұлғаюына, солардың салдарынан еліміздің экономикасына теріс әсерін тигізуі мүмкін екенін атап өтті.
Кездесуде Мемлекеттік кіріс комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин сөз сөйлеп, комитеттің 2014 жылғы қызметінің негізгі қорытындылары және биылғы жылға жоспары туралы хабардар етті.
Кездесу қорытындысында Д.Ерғожин әкімшілендірудің бизнеске ауыртпалықтарын азайту, салық әкімшілендіруі, салық төлеуден жалтаруға қарсы халықаралық тәжірибені елімізде қолдану, оффшорға шығарылған ақша қаржысын анықтау шаралары, көлеңкелі айналымды болдырмау, Кеден одағы аясындағы құқықтық әкімшілендіру, салық салу қызметін жетілдіру, камералық бақылау