«Алматы облысында да барлық этнос өкілдерін біріктірумен қатар, мұқтаж адамдарға, балаларға, ардагерлерге, зейнеткерлерге, мүгедектерге көмектесу мақсатында Ассамблея бастамасымен «Қазақстан халқы Ассамблеясы – 20 ізгі іс» республикалық акциясы ұйымдастырылып отыр. Бұл акция тек мәдени тұрғыда ғана емес, әлеуметтік, қайырымдылық маңызға ие. Бүгінгі таңда Алакөл, Ақсу, Ескелді, Қаратал, Көксу, Кербұлақ аудандарында қайырымдылық акциясы өтіп, Балқаш ауданында жалғасын табуда. Шын мәнінде бұл ізгілікті 20 іс деп аталғанымен, 2 мыңнан асып кетті. Жыл бойы жалғасатын болады. Әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған, жалғызілікті қарттар, асыраушысынан айрылған балаларға жер-жерде материалдық көмек көрсетілуде», деді Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғабит Тұрсынбай.
«Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мега-жобасының ІІ кезеңі аясында Ақсу ауданының тұрғындары қайырымдылық көмек көрсетіп, өндірістік жағдайда бақытсыздыққа душар болған Әнет Молдахметовтің аяғына протез сатып алуға 200 мың теңге қаражат жинап берді. Акция Сарқан ауданында жалғасып, 1987 жылы туған Алмалы ауылының тұрғыны, өздігінен жүре алмайтын Дәурен Бағдалинге жетек арба және мүмкіндігі шектеулі 12 балаға планшет ойын приставкасы тарту етілді. Осындай планшеттер аудандағы ауылдық округтердің барлық мүгедек балаларына тапсырылды.
Алакөл ауданындағы Үшарал қаласында тұратын Ұлы Отан соғысының 8 ардагеріне «Өмір жолы» – «Линия жизни» ұялы телефоны мен медициналық қобдиша, мүгедек бала Асхат Нүсіпжановқа ноутбук, М.Мыңбаев атындағы мектеп-интернатқа кіржуғыш машина тарту етілген еді.
Іс-шара Халықаралық әйелдер күніне арналған концерттік бағдарламамен жалғасты.
Нұрбол ӘЛДІБАЕВ,
«Егемен Қазақстан».
ТАЛДЫҚОРҒАН.

Қарағандыдағы тау-кен кәсіпорнына 4 млн теңге айыппұл салынды
Аймақтар • Кеше
Арам ақшаға құныққан алаяқ алты жылға сотталды
Қоғам • Кеше
Еліміздің үш өңірінде ауа райына байланысты жолдар жабылды
Ауа райы • Кеше
Жаңа Конституция және ұлт саулығы: сарапшы көзқарасы
Ата заң • Кеше
Білім сапасын арттырудың жаңа мүмкіндігі
Білім • Кеше
Ертең Астанада бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды
Ауа райы • Кеше
Алдағы күндері ел аумағында аяз күшейеді
Ауа райы • Кеше
«Boran–Буран»: жады мен кеңістікті тоғыстырған көрме
Қоғам • Кеше