«... Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап».
АБАЙ.
«Экономиканың түрлі салаларында, әсіресе, білім беру, денсаулық сақтау, мәде-ниет пен бизнесте жұмыспен қамтылғандардың 52%-ынан астамын әйелдер құрайды. Олар депутаттардың, басшылардың арасында да көп, ал мемлекеттік қызметшілердің тең жартысынан астамы – әйелдер. Осылайша, олар көптеген шешімдерді қабылдауға атсалысады», деген еді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Шынында еліміздің өркен жаюына әйелдердің қосып отырған үлесі мол. Қай саланы алсаң да қайыспай еңбек еткен азаматшаларды көріп дән риза боласың.
Ол да үлкен отбасының шаңырағынан түлеп ұшқан түлек болатын. Зерек ақылы қайсар мінезімен ұштасып жататын. Бала болса да пікірі үшін тік тұрып, күресе білетін. Жансарайы рухани тұрғыдан өте бай бұл шаңырақ перзентіне жастайынан ең жақсы қасиет – білімге деген құштарлықты, тапсырылған жұмысқа жауапкершілік сезімін сіңірді.
Әкесі Нұра өңіріне ғана емес, Қарағандыға танымал, жоқ-жітікке көрсеткен қайырымдылығымен, жасаған жақсылығымен, мінезінің көркемдігімен, адамгершілік қасиеттерімен жұртына қадірлі ел азаматы, білікті басшы, кәсіби ұйымдастырушы Смағұл Мұқанов болса, анасы Күлшат Мұхамедияқызы іргесі мықты, босағасы берік көпбалалы отбасының тұтқасына айналып, құт-береке дарытқан, ырыс, бақыт әкелген ақ маңдай ана.
Онжылдықты бітірісімен Қарағанды мемлекеттік университетінің экономика факультетіне оқуға түсіп, күн-түн демей білімін ұштады. Сөйтіп, қаржы саласының мамандығын игеріп, туған елге оралды. Алғашқы еңбек жолын Нұра аудандық қаржы бөлімінде маман болып бастады. Арман-мақсаты зор адам өмір бойы бір орнында тұрақтап қалмайды. Көп ұзамай оны аудандық салық комитетіне қызметке шақырды.
Жас маманның ерекше қасиеттерін байқаған басшылық оны 1998 жылы басшының орынбасары етіп тағайындады. Содан бері Гүлнар бұл қызметті бар ынтасымен адал атқарып келеді. Оның басқарушылық қабілеті білім ордасында жүргенде-ақ анық байқала бастаған еді. Басқару жұмысында, мәліметтерді есте сақтауды, оны ойда ұшқыр қорытып, жүйеге келтіруді, сөйтіп, тез арада шұғыл шешімдерді қабылдауды қажет ететіні белгілі. Әсіресе, ол жас мамандарға көмек көрсетіп, олардың кәсіби шыңдалуына ерекше назар аударады. Оның қол астынан қаншама жас маман қанаттанып саналы өмірге жолдама алды десеңізші.
Бюджетке салық және басқа да түсімдердің толық және мезгілімен түсуін қамтамасыз ететін орган – салық мекемесі. Олардың сапалы жұмысының нәтижесінде жалақы мен зейнетақының дер кезінде төленулері қамтамасыз етіледі. Салық заңнамасы көпсаланы қамтитын, әрі заман талабына сай жиі өзгерістерге ұшырайтын сала. Ал ауыл кәсіпкерлері мен шаруа қожалықтары басшыларына бұл өзгерістер дер кезінде жете бермейді. Әрине, салық органдары тарапынан әртүрлі семинарлар өткізілгенмен, әртүрлі сұрақтар бойынша, нақты жеке тұлғалардың мүлік, көлік салығы, патент есеп-қисабын, оңайлатылған декларацияны, мемлекеттік қызметкерлер үшін декларацияны толтыру сияқты ірілі-ұсақты мәселелер бойынша сұрақтар туындап отырады. Сол кезде Гүлнардың есіне әкесінің айтқаны түседі: «Балам, алдыңа келген адамға қол ұшыңды беруге әзір бол. Ол сенің алдыңа еріккенінен келмейді, көмегіңе мұқтаж болып келеді» дейтін үнемі.
Міне, әкенің осы сөзі Гүлнарды қандай шырғалаң шақтарда да, кейде көңілі құлазып ойға батқанда да тапжылмайтын темірқазықтай өмір деген тылсымның бұралаң жолдарында адастырмай алға бастап келеді. Гүлнардың бүкіл өмірін, қала берді күнделікті тыныс-тіршілігін, жүріс-тұрысын мәнді де сәнді деп нық сеніммен айтуға болады. Өйткені, осы бір езуінен әркез күлкі кетпейтін тынымсыз жан қашан да ізденіс пен ілгерілеу үстінде. Бәріне үлгеріп, бәріне де үлгі көрсетуде. Не істесе де, құштарлықпен істейді. Бүкіл саналы ғұмырын мемлекеттік қызметке арнаған, елі үшін адал қызмет етіп жүрген, киелі Нұра жерінде туып-өскен Гүлнар туған жерінің ең қымбат қасиеттерін өз тұлғасына жинаған. Оның «мемлекетке қызмет – елге қызмет» деген көпжылдық еңбегі бағаланып, облыс әкімінің, республикалық, облыстық салық органдарының Құрмет грамоталарымен марапатталды. Ал 2010 жылы «Қазақстан Республикасы Салық ісінің үздігі» атағы беріліп, омырауына арнайы төсбелгі тағылды. Шаршап-шалдығуды білмейтін, жаны нәзік, мінезі қайсар Гүлнар Мұқанова, міне, осындай жан.
Бикен АХМЕТОВА,
Қазақстан Журналистер одағының мүшесі.
Қарағанды облысы.

Жаңа Конституция және ұлт саулығы: сарапшы көзқарасы
Ата заң • Бүгін, 21:53
Білім сапасын арттырудың жаңа мүмкіндігі
Білім • Бүгін, 21:21
Жалпыұлттық коалиция белсенділері ақпараттық науқанды аудандарда жалғастырып жатыр
Ата заң • Бүгін, 21:00
Рамазан айы азаматтардың тұтыну шығындарына қандай өзгеріс әкеледі?
Қоғам • Бүгін, 20:40
Айзат Жұманованың ісі: Апелляциялық сот үкімді өзгеріссіз қалдырды
Қоғам • Бүгін, 20:03
Петропавл электротехникалық зауытының ұжымы конституциялық реформаны қолдады
Ата заң • Бүгін, 19:38
«Зеленый Север» ұжымымен кездесуде Конституция жобасының негізгі ережелері талқыланды
Ата заң • Бүгін, 19:30
Сарапшылар конституцияның жаңа жобасына бірауыздан қолдау білдірді
Ата заң • Бүгін, 19:18
Астанада демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Елорда • Бүгін, 18:45
Алдағы күндері ел аумағында аяз күшейеді
Ауа райы • Бүгін, 18:33
«Boran–Буран»: жады мен кеңістікті тоғыстырған көрме
Қоғам • Бүгін, 18:18
Жылдық инфляцияның баяулауы баға төмендеуіне әсерін тигізе алды ма?
Қаржы • Бүгін, 18:03
Жеке деректер мен гаджеттерді алаяқтардан қалай қорғауға болады?
Қоғам • Бүгін, 17:50
Еріксіз неке мен ерте өлім: Неліктен қазақ қыздарының құқығы қорғалмай жатыр?
Қоғам • Бүгін, 17:40
Педагогтерге арналған байқау жарияланды: Өтінім қабылдау қашан басталады?
Білім • Бүгін, 17:25