Жақсылықтың шырағы боп жағылар,
Жанарында ізгіліктің табы бар.
Қасиеттің қызыр қонған қиясы –
Ана деген құдіретті танып ал!
Ақ теңізге теңер едім пейілін,
Жанарында тұнып тұрар мейірім.
Адамзатқа әркез нұсқап тұрады ол,
Бейбіт өмір, амандығын елінің
Табындырған тылсым күшпен бар елді,
Айтқан сөзі бата дерсіз, дәлелді.
Бір қолымен тербетеді бесікті,
Бір қолымен тербетеді әлемді.
Мен анадан үйренгенмін – елдікті,
Мен анадан үйренгенмін – ерлікті.
Мен анадан үйренгенмін – теңдікті,
Мен анадан үйренгенмін – кеңдікті.
Ұлылығын барлық әлем ұғынған,
Ақылына абыздар да жығылған.
Оны көрсе кері кеткен кесірлік,
Жәдігөйлік жар астына тығылған.
Мейірімен мына әлемді кеңітіп,
Жамандықтықтан жібереді жерітіп.
Жаныңызда жан білмейтін тоң бар ма,
Анаң оны жібереді ерітіп.
Ақындар да туады екен анадан,
Батырлар да туады екен анадан.
Ақ жаулықты, ақ пейілді ананың,
Өнегесін өшірмейік санадан.
Алма ТҮСІПБЕКОВА,
Фариза Оңғарсынова атындағы
ақындар мүшәйрасының жүлдегері.
Жақсылықтың шырағы боп жағылар,
Жанарында ізгіліктің табы бар.
Қасиеттің қызыр қонған қиясы –
Ана деген құдіретті танып ал!
Ақ теңізге теңер едім пейілін,
Жанарында тұнып тұрар мейірім.
Адамзатқа әркез нұсқап тұрады ол,
Бейбіт өмір, амандығын елінің
Табындырған тылсым күшпен бар елді,
Айтқан сөзі бата дерсіз, дәлелді.
Бір қолымен тербетеді бесікті,
Бір қолымен тербетеді әлемді.
Мен анадан үйренгенмін – елдікті,
Мен анадан үйренгенмін – ерлікті.
Мен анадан үйренгенмін – теңдікті,
Мен анадан үйренгенмін – кеңдікті.
Ұлылығын барлық әлем ұғынған,
Ақылына абыздар да жығылған.
Оны көрсе кері кеткен кесірлік,
Жәдігөйлік жар астына тығылған.
Мейірімен мына әлемді кеңітіп,
Жамандықтықтан жібереді жерітіп.
Жаныңызда жан білмейтін тоң бар ма,
Анаң оны жібереді ерітіп.
Ақындар да туады екен анадан,
Батырлар да туады екен анадан.
Ақ жаулықты, ақ пейілді ананың,
Өнегесін өшірмейік санадан.
Алма ТҮСІПБЕКОВА,
Фариза Оңғарсынова атындағы
ақындар мүшәйрасының жүлдегері.
Қарағандыдағы тау-кен кәсіпорнына 4 млн теңге айыппұл салынды
Аймақтар • Кеше
Арам ақшаға құныққан алаяқ алты жылға сотталды
Қоғам • Кеше
Еліміздің үш өңірінде ауа райына байланысты жолдар жабылды
Ауа райы • Кеше
Жаңа Конституция және ұлт саулығы: сарапшы көзқарасы
Ата заң • Кеше
Білім сапасын арттырудың жаңа мүмкіндігі
Білім • Кеше
Ертең Астанада бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды
Ауа райы • Кеше
Алдағы күндері ел аумағында аяз күшейеді
Ауа райы • Кеше
«Boran–Буран»: жады мен кеңістікті тоғыстырған көрме
Қоғам • Кеше