07 Наурыз, 2015

Құрметті ханымдар!

355 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
003-203Сіздерді Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан 8 Наурыз – Халықаралық әйел­дер күні мерекесімен шын жүректен құт­тық­таймыз! Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы бұл мерекенің орны ерекше. Биыл бүкіл еліміз Конституцияның – 20, Қазақ хандығының – 550, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын кеңінен атап өтеді. Бұл даталы күндер әрбір әйел-аналарымыз үшін маңызды – оның астарында бейбітшілік пен келісім, болашаққа деген зор сенім жатыр. Еліміздің Президенті – Елбасы Н.Ә.На­зар­баев «Нұрлы Жол – болашаққа бас­тар жол» атты Жолдауында тұрақтылық пен келісім, ол әуелі «отбасылық әл-ауқат, қауіп­сіздік, баспана», деп атап айтты. Бейбітшілік, алдымен, ата-ана болудың қуанышы, әке-ше­шелеріміздің денсаулығы мен балалардың бақыты. Әйелдер – әлемге мейірім мен жаңа өмір сыйлаушы нәзік жан иелері. Әрбір шаңырақтың шаттығын жарастырып отырған аяулы жандарға зор құрмет көрсету қай ұрпақтың да перзенттік парызы болып қала бермек. Отбасының ынтымағын сақтаушы аналардың орны қоғамда ерекше. Бірлік отбасынан бастау алады. Сол себепті, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан барлық өңірлерде «Аналар кеңесі» құрылды. Бұл кеңес өз орнын айшықтап, келер ұрпақ үшін тәлім мен тәрбиенің іргесі, берік шаңырағына айналды. Құрметті аяулы жандар! Табиғат-ананың жаңарып, мейірім шуағын ала келетін көктемнің алғашқы мерекесі баршаңызға құтты болсын! Сіздер бұл өмірге тек ізгілік пен жылылық, мейірім мен шуақ сыйлаушы жандар ғана емес, тіршілік атаулының ең асыл қазынасы деген құрметке лайықсыздар. Шаңырақтарыңызға шаттық, зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс тілейміз. Арман-тілектеріңіз орындалсын.Тәуелсіз Қазақстанның өсіп-өркендеуі жолында биік белестерге бірге жетейік! Қазақстан халқы Ассамблеясы