07 Наурыз, 2015

Денсаулық сақтау нысандарын аралады

332 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

17-02-15-vrach-1

Кеше Астанада Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев денсаулық сақтау объектілерінің қызметімен танысып, қалалық жедел медициналық жәрдем стансасын, №10, 2 емханаларды, №2 аурухананы аралап көрді, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. Медициналық ұйымдарды аралау барысында Премьер-Ми­нистрдің орынбасары қалалық ден­саулық сақтау ұйымдарының инфра­құрылымдарымен, медициналық ұйымдардың жұмысымен, олар­дың материалдық-техникалық жарақ­тануымен танысты.  Б.Сапарбаев халыққа медициналық қолжетімді көмек және оның уақтылы көр­се­тілуімен, оларды жақсарту жолдарымен, денсаулық сақтау жүйесінің шеңберіндегі жаңа медициналық технологияларды және ақпараттық жүйелерді енгізу аспектілерімен танысты. Сондай-ақ, Вице-пре­мьер бастапқы медициналық-сани­тариялық көмек көрсетуді жетілдіру, емханалардағы кезектер мәселелерін, профилактика және ауруларды емдеу бөлігінде азаматтарды ақ­параттандыру деңгейін, халықпен кері байланыстың тиімділігін реттеу мәселелерін пысықтады. Аралау қорытындысы бойынша Вице-премьер ДСӘДМ-нің, астаналық денсаулық сақтау басқармасы басшыларының назарын қазіргі таңдағы орын алып отырған өзекті проблемалық мәселелерге аударды. Сонымен қатар, халыққа көрсетілетін медициналық көмектің, басқа да медициналық қызметтердің сапасын бұдан әрі жоғарылату, сондай-ақ, ЭКСПО-2017 халық­аралық мамандандырылған көрмесін медициналық қамтамасыз ету бойынша бағдарламаны әзірлеуге қатысты бірнеше тапсырма берді.