* Жүрекжарды
Қазіргі таңда тәуелсіз Қазақстанды бүкіл әлем таниды. Мұнда туған Отанымыздың Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың зор еңбегі бар екені талассыз шындық. Өткен жылдар бедерінде Мемлекет басшысының өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына қатысты бастамалары табысты жүзеге асырылып, Қазақстан халқының гуманитарлық, мәдени және рухани сұраныстарына жауап беретін инфрақұрылымдар қалыптастырылды.
«Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыру өскелең ұрпақты адамгершілік және патриоттық рухта тәрбиелеуге интеллектуалдық және ақпараттық негіз қалады. Бүгінде біз жаңа саяси табыстар табалдырығында тұрмыз. Мен, Қазақстан ғылымының 90 жастағы ақсақалы ретінде, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа алдағы 26 сәуірге тағайындалған кезектен тыс президенттік сайлауға кандидат ретінде қатысуға өзінің келісімін беру туралы өтінішпен қайырыламын. Менің мақсатым кім-кімге де түсінікті ғой деп ойлаймын. Елді дамыту үшін қабылданған жоспарларға кім бастамашылық жасаса, оларды жүзеге асыратын да сол болуы тиіс. Мен Президентімізге сенемін және оған жеңіс тілеймін.
Серік ҚИРАБАЕВ,
академик.
АЛМАТЫ.