АСТАНА. 7 наурыз. Бүгін футболдан Қазақстан премьер-лигасының кезекті маусымы басталды. Әзірге алғашқы турдың үш ойыны аяқталды. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.
Қызылордада өткен жергілікті «Қайсар» мен Талдықорғанның «Жетісуы» арасындағы ойында есеп ашылған жоқ. Сондай-ақ, «Тараз» бен «Шахтер» тартысында да жанкүйерлер гол көре алмады.
Ал Шымкентте өткен «Ордабасы» мен «Ертіс» арасындағы ойында екі гол соғылды. Десек те, бұл кездесуде де жеңімпаз анықталмады. Бір-бір голмен алмасқан қарсыластар тең нәтижені қанағат тұтты. Алаң иелері сапынан Иван Божич 12-минутта есеп ашып, командасын алға шығарған еді. Қонақтар үзіліске санаулы секундтар қалғанда есепті теңестіріп кетті. «Ертіс» сапынан мергендігімен көзге түскен Алан Гатагов болатын.
Дәл қазір қалған үш ойын өтуде. Батыс дербиінде «Ақтөбе» өз алаңында «Атыраумен» 1:1 есебімен тең ойнауда. Ал биыл премьер-лигаға қайта оралған Көкшетаудың «Оқжетпесі» «Астана Аренада» ел чемпиондарымен күш сынасуда. Бұл ойында әзірге «Астана» алда келеді. Сондай-ақ, Алматыда «Қайрат» Қостанайдың «Тобылын» қабылдауда. Аталған кедесуде алматылықтар жауапсыз екі гол соғып үлгерді.
Еламан Қоңыр.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: shahter.kz.

Қарағандыдағы тау-кен кәсіпорнына 4 млн теңге айыппұл салынды
Аймақтар • Кеше
Арам ақшаға құныққан алаяқ алты жылға сотталды
Қоғам • Кеше
Еліміздің үш өңірінде ауа райына байланысты жолдар жабылды
Ауа райы • Кеше
Жаңа Конституция және ұлт саулығы: сарапшы көзқарасы
Ата заң • Кеше
Білім сапасын арттырудың жаңа мүмкіндігі
Білім • Кеше
Ертең Астанада бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқиды
Ауа райы • Кеше
Алдағы күндері ел аумағында аяз күшейеді
Ауа райы • Кеше
«Boran–Буран»: жады мен кеңістікті тоғыстырған көрме
Қоғам • Кеше