08 Наурыз, 2015

Дэвис кубогында Кукушкин екінші жеңісіне қол жеткізді

226 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
кукушкинАСТАНА. 8 наурыз. Теннистен Дэвис кубогының 1/8 финалында Михайл Кукушкин әлемнің 35-ракеткасы Андреас Сеппиді 3:0 (7:6 (10:8), 6:0, 6:4) есебімен жеңді. Соның нәтижесінде, Қазақстан мен Италия арасындағы айқаста таразы басы теңесіп, есеп 2:2-ге жетті. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Алғашқы сетте қарсыластар бір-бірден брейк жасап, жеңімпазды анықтау үшін тай-брейкке жүгінді. Бұл сында теннисшілер 18 мәрте допты ойынға қосқанын айта кетейік. Соның 10-ында отандасымыздың мерейі үстем болды. Екінші сетте Италия сенген Сеппи бар білгенінен жаңылды. Небәрі 29 минутқа созылған сетте Кукушкин қарсыласына ешқандай ұпай бермеді. Келесі кезең де Мишаның басымдығымен басталды. Салған жерден Андреастың добын өз пайдасына жазған теннисшіміз ешқандай қателікке бой алдырмай сетте және жалпы ойында жеңіске жетті. Әзірге қос команда арасындағы жалпыесеп 2:2. Қоржынымыздағы екі ұпайды да Кукушкин алып берді. Алғашқы жарыс күні ол Симоне Болеллиді жеңген еді. Дәл қазір Астанадағы «Дәулет» Ұлттық теннис орталығында қазақстандық Александр Недовесов пен Италия теннисшісі Фабио Фоньини күш сынасуда. Бұл жалпы жарыстың тағдырын шешетін тартыс. Яғни, қай жеңгені командасын Дэвис кубогының ширек финалына алып шығады. Әзірге екі сеттің қорытындысы бойынша есеп 1:1. Негізі соңғы ойында кортқа Андрей Голубев пен Симоне Болелли шығуы тиіс болатын. Дегенмен, қос команданың капитандары құрамға өзгеріс енгізіп, өзге теннисшілерге мүмкіндік берді. Еламан Қоңыр. Дерек: egemen.kz. Сурет: daviscup.com. Кукушкин с