08 Наурыз, 2015

Сот Немцовтың өліміне күдікті бесеуді де қамады

223 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

08-03-15-sud-2

АСТАНА. 8 наурыз. Бүгін Борис Немцовтың өлтірілуіне күдікті бесеуге бопсалау және қарақшылық мақсатынан туған жалдамалылық кәсіппен кісі өлтіруге барды деген айып тағылды. Бұл туралы НТВ телеарнасы хабарлады. Мәскеудің Басман соты күдікті бесеуді де құлып астына алуға шешім шығарды. Күдіктілер арасындағы Заур Дадаев қана өзінің аталған қылмысқа қатысы бар екенін мойындады. Ал қалғандары – Хамзат Бахаев, Тамерлан Эскерханов, Анзор Губашев және оның інісі Шагид өздерінің ешқандай кінәлары жоқ екенін мәлімдеді. Ресей астанасының Каланчёвская көшесінде орналасқан Басман соты ғимаратына таңертең қауіпсіздік шаралары жасала бастады. Бұған жақын территорияда полиция жасағы кезекшілікте жүр, ал әдетте автозак кіріп-шығатын сот үйінің ауласы қоршауға алынған. Күдіктілер сотқа жедел машиналардың қалқалауымен екі минивэнамен жеткізілді. Сағат 12-ге қарай жұмыс орындарына судьялар келді. Сәл кейін тергеу комитетінің ресми өкілі Владимир Маркин Twitter-інде бес фигуранттың да сотта болатынын жазды. Отырыс екі залда қатар өткізілді. Залдардың бірінде тергеушілер өткен түнде Мәскеу маңындағы Одинцово ауданында қолға түскен Хамзат Бахаев пен Тамерлан Эскерханов, сондай-ақ Шагид Губашев үшеуін бірдей қамауға алуды талап етті. Олардың бәрі өздерін қамауға алмауды өтінді. Эскерханов мұны алибиі бар екенімен түсіндірді. Оның қарауында алты баласы бар көрінеді, енді әйелі жетіншісін туғалы отыр. Шагид Губашев денсаулығында проблема бар екенін, асқазан жарасымен және геморроймен ауыратынын алға тартты, Бірақ сот бостандыққа жіберілсе, бұлардың қай-қайсысы да қайтып ұстатпай кетуі мүмкін және тергеуге қысым жасайды деген тоқтамға келді. Судья сонымен бірге бұлардың сегіз жылдан өмір бойы отыруға дейін жаза алуға жататын аса ауыр қылмыс бойынша айыпталып отырғанын еске алды. Сондықтан үшеуін де екі ай қамауға қаулы қабылданды. Көрші залда Губашевтің үлкені – Анзордың мәселесі қаралды. Сот мұнда да тергеушілердің уәждерімен келісті. Ол айыпталушы ретінде құлып астында қала береді. «Ал бесінші күдікті Заур Дадаев журналистердің көзінше көп сөйлеген жоқ», - деді НТВ тілшісі НТВ Владимир Кобяков. Қаулыны оқып берген судья айыпталушының тергеуге берген көрсетілімінде Борис Немцовтың өліміне қатысы бар екенін мойындағанын мәлімдеді. Дадаев уақытша оқшаулағышта 28 сәуірге дейін отырады. Мұрат Айтқожа. Дерек, сурет: НТВ.