23 Шілде, 2010

Бір отбасында алты дәрігер

522 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін
Басы ауырып, балтыры сыздаған кез келген адамнан “Қай емдеу мекемесін таңдар едіңіз?” – деген сауал қойсаңыз, көбісінің “Нұр Авиценум” мед­и­ци­на­лық ор­та­лы­ғын атайтыны анық. Себебі, мұндағы дәрігерлер жо­­ға­ры медициналық көмек көрсетумен қа­­тар адам жа­нын қоса ем­деп, үзіл­ген үміттерін қайта жалғай­тынын айтуға бо­лады. Кар­дио­ло­гиялық ау­ру­­лар­ды емдеуге бағытталған ор­талықтың заманауи тех­­­никамен жабдықталуы да бұл жағынан өзгелермен салыстырған­да тағы да алда келеді. Сондықтан жан-жақтан келіп ем­де­летіндер дәрігерлердің жо­ға­ры кәсіби бі­ліктілігі мен жұмысты ұйым­дас­­ты­рудағы шебер­лігіне ерекше тәнті болып, орта­лық директоры Владимир Крайс­манды аузынан тастамайды. Жақсыны білмек парыз дегендей, мейірімді мамандық иесі Владимир Ан­тоно­вич­пен кездесіп, орталық жұмысымен жақынырақ та­ныс­удың мүмкіндігі осылай жалғасты. Өңірлік кардиологиялық ас­со­циа­ция­сының президенті, амери­кандық жүрек Ас­со­циа­ция­сы­ның (АНА) және Еуропалық кар­дио­логтар қоғамының (ESC) мү­ше­сі, тәуелсіз медициналық сарап­шы, медицина ғы­лым­да­ры­ның кан­ди­даты Владимир Крайсманның бастамасымен “Нұр Ави­­ценум” медициналық орталы­ғы 1991 жылы ресми түрде тір­келіп, ашылыпты. Медициналық орталық басшысы әңгімесінде жаңа талаптарға толық жауап бере­тін жеке орталық ашуды жү­зеге асыруға бұдан бірер жыл бұрын кі­ріс­кенін айтады. Себебі, сол жылдары елі­міздің ме­ди­цинасы заман ағы­­мынан артта қалып, тың ізденістердің қажеттігін алға қойған бо­ла­тын. Оның үстіне жүрек, қан та­мы­рлары ауруымен ауыра­тын­дар қатары кө­бейіп, алаңдатушылық туғызған. Оларға сапалы медици­налық қызмет көр­се­те­тін кар­­дио­ло­гия­лық орталықты мем­­лекеттік денсаулық сақ­тау жүйе­сінің ая­сын­да ашу мүм­кін бол­мады. Сон­дық­тан бі­лік­ті дәрі­герлермен бірігіп, осын­дай тәуе­келге бел будық, деді Вла­­димир Ан­то­н­ович. Дүниежүзі бойынша жүрек-қан тамыр­ла­ры ауруларымен науқас­та­натындардың өсуі өзекті мәселеге ай­нал­ғаны белгілі. Өңірде жыл сайын кар­дио­лог­ия­лық сырқатпен 42 мы­ң­нан астам адам тіркеледі екен. Көбіне қайғылы жағдай­лардың көпшілігі осы сыр­қаттың салдарынан кездеседі. Дәрігерлерді алаңдататын та­ғы бір мәселе, науқастардың жас мөл­­шері жыл­дан-жылға жасарып отыр­ғандығы. Сонымен қатар бұдан бұрын ер адам­дар­дың арасында жиі кез­десетін миға қан құйылу және жүрек талмасы сияқты сырқаттар жас әйел­дердің арасында да жиі белең алуда. Мұның өзі сала мамандарын ойландырып қана қоймай, олардан кәсіби біліктілікті талап етіп отыр. Қарап отырсақ, бұдан жиырма жыл бұрынғы жағ­дай шынында да мәз емес еді. Сол жылдары өңі­рі­мізде мем­ле­кет­тік емдеу меке­ме­ле­рінен бас­қа нақты кар­диологиялық ау­ру­ларды ем­деу­­ге маманданған ор­талық жоқтығы да Владимир Ан­тоновичті осы істің іргетасын қалауына негіз болыпты. Ба­с­та­ма тұр­ғын­дар үшін ауа­дай қа­жет еке­нін сол кездің өзінде бәрі түсінген. “Нұр Ави­­­­ценум” орта­лығы алғашқы кезде қала­ның шығы­сын­дағы өндірістік аймаққа ор­на­ласыпты. Сөйтіп, олар жұмысшы­ла­рдың денсаулығына бейқам қа­рамайтын ұжым­дармен жә­не бас­қа да жұмыс бе­ру­ші­лер­мен ке­лісім шартқа отырып, халыққа дәрігерлік қызмет көр­сетудің жаңа үрдісін енгізген. Жаңадан ашылған орталық дәрігерлері сұраныстың көптігінен түнге дейін жұмыс істепті. Өйткені, олар­дың жұмыс кестесі келісім­ шарт­қа отырған кәсіпорын жұ­мыс­шы­ларының және жалпы тұрғындардың бос уақытына бейім­дел­іп, дәрігерлер жыл­дар бойы қалыптасқан шеңбер ая­сы­нан шығып, көпшілік тұр­ғын­дар­ға бірте-бірте жақындай түскенін бас дәрігер еске ала отырып, ой сабақтады. Тоқсаныншы жылдардың басында шығыс өндірістік айма­ғындағы кәсіпорындар дағдарыс сал­да­рынан жабылғанымен дәрі­гер­лер халыққа көмек көрсетуді тоқтатпады. Тіпті, қала сыртында, яғни шығыс өндірістік ай­ма­ғының түпкі жағында орналасқан орта­лыққа тұрғындардың жетуін оңайлату мақсатымен оларды ары-бе­рі тасымалдайтын арнайы көлік бағытын ұйымдастырған. Жағ­дай қиындаған соң сол кездегі об­лыстық тұрғын үй-ком­муналдық шаруашылығы бас­қармасы бас­тығының көмегімен орталыққа қарай жылжыдық, деген Владимир Крайсман қызы­ғы мен қиындығы көп күн­дерді ұмытпайтынын білдірді. Соңғы жылдары ғана мем­лекеттік емдеу меке­ме­ле­рінің мамандарын шетелге жіберіп, ар­найы тәжірибеден өткізу қолға алынған. Ал, “Нұр Авиценум” басшылығы 1992 жылдан бері дәрігерлерін Гер­мания, Швей­цария, Америка сияқты дамыған мемлекеттердің ең үздік ауру­ханаларында тәжі­ри­беден өткізуді ұйымдастырып келеді. Орталықтың 8 ма­ма­ны шет елде тәжірибеден өтіп келсе, орта­лық­тың үдемелі емдеу бө­лі­мін­де жұмыс істейтін екі мед­би­кенің де шетелдік тәжі­рибе­ден өтуіне мүмкіндік жасалыпты. Мұндағы дәрігерлерге тын­бай іздену тән десек, ме­ди­циналық орталық мамандары 45 ғылыми жұмысын жариялапты. Елеулі жұмыс­та­р нәтижесінде “Нұр Ави­це­нум” ұжымы халықаралық жо­ба дайындап, 1993 жылы Америка Құрама Штаттарының грантын алғаш рет жеңіп алыпты. Бұл ме­ди­циналық орталықтың жеңіп алған грант­та­рының бастамасы болса, қазір ұжым ха­лықаралық ұйым­дардың 9 гран­тын иеленіп, өздеріне деген сенімді биіктете түскен. Орталыққа Ел­ба­сы Нұрсұлтан Назарбаев келіп, ұжым жұмысына жоғары баға бергенін де олар ерекше мақ­та­нышпен еске алады. Осылайша “Нұр Авиценум” ор­та­лы­ғының тарихында 1995 жыл ай­рықша жыл ретінде есте қалыпты. Жұмыстың табысты болуы отба­сындағы түсіністік пен мамы­ражай жағдайларға байланысты болғандықтан әңгіме барысында бұл мәселені де назардан тыс қалдырмадық. Мұнымыз жай емес еді. Владимир Антонович қазақтың Аия есім­ді қы­зына үйленіп, қырмызы қызғалдақтай төрт қыз тәрбиелепті. Өзі сияқты зайы­­бы да дәрігер. Қыз­да­ры­­ның төртеуі ата-анасының жолын қуып, қызығы мен қиындығы мол кәсіпті таңдапты. Кіші қыздары Анна Асфендияров атындағы Алматы ұлттық медициналық универ­ситетінің 5 курс студенті, үлкені Алматы қалалық балалар ауруха­на­сында жұ­мыс істесе, Мария­сы әкесі­мен бірге мамандығының қыры мен сырын терең меңгеруде. Әйге­рі­мі бұған дейін “Нұр Ави­ценумда” жұ­мыс істепті. Қазір ол қазақ жігіті­не тұрмысқа шы­ғып, Ұлыбри­та­ния­­да тұрып жа­тыр. Кардиологиялық са­ла­ны таңдаған Ма­рия мен Әй­герім Германиядағы үздік емханаларда тәжірибеден өтіп, бүгінде жүрек ауруларын емдеудегі ерекше қабілеттерімен танылған. Дәрігерлік және отбасылық өмірді ұштастыра білген Владимир Антонович өңірдегі неміс ұлттық мәдени орталығының мүшесі. Білікті кар­дио­лог ұлттық мәдени орта­лы­қ­тың құрылуына ұйытқы болып, Талдықорған өңірлік не­міс ұлттық мәдени орталығы төр­ағасының орынбасары қыз­метін де атқарыпты. –Осы жасыма дейін талай мемлекетті араладым. Сонда кө­зімнің жет­­кені, қазақ хал­қы­ның ақкөңілі басқа елдердегідей жа­сан­ды еместігі. Бұл жерден ата­ме­ке­ніне көшкендердің көбі туыс­та­рын іздеп кетті. Олар­дың ішінде Қазақстанға қайтып орал­­ғандары да бар. Бірақ басқа ел­дердегідей ешкім ешкімді қу­ған жоқ. Біз мұнда жергілікті тұр­ғындармен қатар еркін еңбек етіп, ынтымақ пен бірлікте бейбіт өмір сүріп жа­тырмыз. Бізге бұдан артық ештеңе де керек емес. Ал елі­міз­де Ассам­блеяның құрыл­ға­ны үл­кен жетістік және бас­қа барлық елге үлгі. Осындай ауызбірлігіміз болмаса, біз биыл ЕҚЫҰ-ға төрағалық етер ме едік, деп қазақ хал­қы­на, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал сая­са­ты­на деген ризашылығын да білдірді. Барлық Қазақстан аза­ма­ты­ның мемлекеттік тілді үйренуін қолдайтын Владимир Крайсман қарбалас жұмысына қарамастан қазақ тілінде сөйлеуге де ма­шық­тануда. Дамудың, табысқа жетудің негізі – бір­лік­те. Қазақстан халқы Ассам­блея­сы­ның құрылуы осы бір­лігімізді одан әрі нығайта түс­кенін де бүгінде айқын байқап отырмыз. Айнұр НҮСІПБАЙ, журналист, Күмісжан БАЙЖАН, Алматы облысы.