03 Шілде, 2015

Қазақ хандығы кезіндегі заңдар

13883 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Логотип 550 жылОлардың маңызы зор Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу тарихында Қазақ хандығының алар орны зор. Осы тарихи маңыздылыққа ерекше мән берген еліміз биыл Қазақ хандығының 550 жылдығын кең көлемде атап өту туралы шешім қабылдады. Осындай бастаманы көтерген Елбасы Н.Назарбаев осы уақытқа дейін көптеген тарихи пікірталасқа арқау болып, екіұшты пікірлер туындатқан Қазақ хандығы төңірегіндегі әңгімеге нүкте қойды. Әрине, қазақ халқының түп-тамыры сонау екінші мыңжылдықтардан бастау алатынын тарихшылар айтып жүр, бірақ мемлекет ретінде қалыптасуы Қазақ хандығы тұсында екенін де тарихи деректер жоққа шығармайды. Елбасы Ұлытаудағы сұхбатында Еуразия кеңістігіндегі мемлекеттік дәстүрдің үзілмей жалғасып келгендігін, ғұндардан бастау алған осы үдерістің көк түріктер, Алтын орда арқылы сабақтасып, Қазақ хандығына жеткендігін айтқан болатын. Қазақ хандығында билік еткен хандар тұсында заңдар жинағы маңызды рөл атқарады. Қазақ хандары сол заманның талабын ескеріп, заңдарды мейлінше жетілдіріп отырды. Заңдар жинағының ең бір жетілдірілген тұсы Қасым хан­ның тұсында орын алды. Қасым хан өзі билік жүргізген жылдары қазақ қоғамындағы құқық-нормаларды реттеу мақ­сатымен алғашқы қазақ заңы – «Қасқа жолды» жарыққа шығарды. Ел басқару жүйесінде ата жолын ұстанған Қасым хан заман ерекшелігіне орай, жаңа ортаға сәйкес жаңа низам жүйесін енгізеді. «Қасым хан­ның Қасқа жолы» аталатын бұл көне жарғы сол кездегі қазақ қауымының қоғамдық және құ­қықтық заң­дарын қалып­тастырады, әдет-ғұрып, тұрмыс-салт ережелерін байыптайды, жеке адамдар арасындағы ру-тайпалар мен қоғамдық топтар арасындағы қатынас жүйесін тағайындайды. Қазақ Ордасының мемлекеттік негіздері де осы «Қасқа жолда» көрініс тапқан тәрізді. Зерттеуші-ғалымдардың пікірлерінше, ол бес бөлімнен тұрады: Жеке­­меншік нормаларын реттей­тін құқық, Әскери істерге бай­ланыс­ты құқық нормалары (мін­деткерлік), Қылмыстық құқық нормалары, Халықаралық құқық нормалары және елшілік этикет турасында, Қауымішілік және қауымаралық міндеткерлік қатынастары. «Қасым ханның қасқа жолы» бір ғасырдай өз қызметін атқарған соң, тиісті толықтырулар мен өзгерістер енгізіліп, Есім хан­ның (1598-1645 жж.) тұсында «Есім ханның ескі жолы» деп аталған заңдық жүйе өмірге келді. Аталған екі заң жүйесі еш өзгеріссіз ХVІІ ғасырдың аяғы немесе ХVІІІ ғасырдың басына дейін қазақ жұртының игілігіне қызмет етті. Есімнің немересі, Жәңгірдің бел баласы Тәуке хандық құрған ХVІІ ғасырдың аяғы ХVІІІ ғасырдың басы – қазақ елінің абыройы асып, көсегесі көгерген ерекше бір кезеңі болды. Қазақ қоғамында біртұтастық пен ынтымақ ор­натуға дәнекер болған ежелгі ереже – қағидалардың үлгілі нұсқасы, халықтың тәртіп низа­мының, салт-дәстүрінің жүйелі жиын­тығы – атақты «Жеті жар­ғы» еді. «Жеті жарғы» – дана бабала­рымыздың «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» деп аталатын мемлекет басқару мен халық билеудің қа­лып­тасқан жосықтарын негіз­ге алып, саха­раның сол замандағы тұрмыс-тіршілігіне, қоғамдық, әлеуметтік ахуалын ескере отырып, келе­шектің қамын ойлап, жан-жақ­ты байыпталған заңгерлік ұлы мұрасын қалдыр­ды. «Қасқа жол» мен «Ескі жол» заңдарын толық­тырып, елеулі өзгерістер енгізіп дамытқан Тәуке хан бұрынғы бес тарауға тағы да екі тарау қосып, «Жеті жарғы» деп атады. Бұл жаңадан қосылған екі тарау: жер дауы туралы заң мен құн дауы туралы заң еді. «Жеті жарғыны» қазақ халқы негізінде ХІХ ғасырдың ортасына дейін қолданылып келді. Ал кейбір нормалары Қазан төңкерісіне дейін толығынан қолда­нылды, қоғамдық қатынас­тарды реттеу функциясын тиімді атқарып келді. Қазақ хандығы дәуірі ХVІ-ХVІІІ ғасырларда, яғни қасқа жолды Қасым хан, ескі жолды Есім хан, Жеті жар­­­ғыны шығарған Тәуке хан тұсында басқару жүйесі хан­дық билікке негізделген, саяси жағы­нан орталықтанған, бір­ұтас, құқықтық мемлекет болды. Осы кезеңде Қазақ хан­ды­ғының көрші орналасқан мем­­лекеттермен байланыста болып, олармен сауда, саяси мә­­селелерін шешу заң жүйесі арқылы анықталды. Қазақ хан­­­дарының негізгі заңдары Қа­зақ хандығын осы кезде мемлекет ретінде танытып қана қой­май, оның саяси-әлеуметтік, эко­но­микалық дамуына ықпал етті. «Қасқа жол», «Ескі жол», «Же­ті жарғы» заңдарын дүниеге әкел­ген қазақтың данышпан да кө­реген хандары тек қазақ деген халықтың игілігі, тұрақты, ты­ныш тұрмыс-тіршілігі, кіш­кен­тай ғана мемлекеттің өркен­деуі жолында күресіп, қызмет етті. Жанат САРБОЗОВА, Еңбекші аудандық сотының бас маманы. Шымкент.