09 Наурыз, 2015

Борис Немцовтың өлтірілу себебі белгілі болды

338 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

09-03-15-zaur-dadaev-1

АСТАНА. 9 наурыз. «Росбалт» мәлімдегендей, Борис Немцовты өлтірді деген айып тағылып отырған «Север» батальоны полкы командирінің бұрынғы орынбасары Заур Дадаев «саясаткердің мұсылмандар мен олардың діндері туралы бірнеше рет жағымсыз сөздер айтуы қылмыстың себебі болғанын жеткізді. Бұл туралы «Коммерсантъ» хабарлады. Немцовтың осындай сөздер айтып жүргенін Дадаев 2015 жылғы қаңтарда естігесін, «қатты діндар» адам ретінде шыдамай кетіп, кек қайтарған. Басылымның құқық қорғау органдарындағы мәнбесінің мәліметінше, «Дадаев іс жүзінде өзінің осы қылмысты ұйымдастырушы екенін мойындап та қойған». Құқық қорғау органдарында мәнбенің «Росбалтқа» хабарлағанындай, «Север» батальоны полкы командирінің бұрынғы орынбасары Заур Дадаев өзінің Борис Немцовты өлтіруді ұйымдастырушы екенін іс жүзінде мойындап қойған. Қылмыстың себебі ретінде Немцов мырзаның Ресей территориясында тұратын мұсылмандар, Мұхаммед пайғамбар, сондай-ақ ислам діні тарапында бірнеше рет жағымсыз пікірлер білдіргені аталды. Мұны 2015 жылдың қаңтарында білген Дадаев кек қайтаруға бекінеді. Басылымның ақпарынша, оппозиционерді өлтіруге қатыстары бар деп айып тағылып отырған қалған төртеуді Дадаев Мәскеудің іргесінде тұратын болғандықтарынан қаланы жақсы білетіндіктері үшін қылмысты ұйымдастыруға тартқан болып шықты. «Дадаев іс жүзінде бұл қылмысты ұйымдастырғанын мойындады, - деп хабарлады «Росбалт» мәнбесі. – Сондықтан тергеу шеңберінен әлдеқандай бір жұртты дүр сілкіндіретін әшкерелеуді немесе тағы біреулерді қамауға алуды күтудің қажеті жоқ». Еске сала кетейік, Мәскеудің Басман соты 8 наурыз күні Заур Дадаевты 28 сәуірге дейін қамауға алған болатын. Сол кезде-ақ айыпталушы Дадаевтың қылмысқа қатысы барын мойындағаны белгілі болған. Онымен бірге ағайынды Анзор және Шагид Губашевтер, Тамерлан Эскерханов және Хамзат Бахаев қамауға алынды. Олар да Борис Немцовты өлтіру жөніндегі қылмыстың істің фигуранттары болып саналды. Тағы бір күдікті – Грозный қаласының 30 жасар тұрғыны Беслан Шаванов мұның алдында полицейлермен атыс кезінде өзі жарған гранатадан қаза тапты. Ресейдің РПС-ПАРНАС партиясының тең төрағасы және Ярославль облыстық думасының депатутаты Борис Немцов 28 ақпан күні түнде Мәскеудің орталығында, Үлкен Москворецк көпірі үстінде өлтірілген еді. Тергеу мен билік белгілі саясаткердің өлімін бірден тапсырыспен жасалған деген қорытындыға келген. Сонымен бірге, тергеушілер қылмысты жасаушылардың өз ісінің кәсібилері емес екенін де мәлімдеген. Бұған құқық қорғаушылар дәлел ретінде киллерлердің бұдан жиырма жыл бұрынғы оқты пайдаланулары мен Борис Немцовтың жанындағы басты куәгер - украин фотомоделі Анна Дурицкаяны тірі қалдыруларын келтірген еді. Мұрат Айтқожа. Дерек, сурет: Коммерсантъ.